8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Желтоқсан 2020 2864 0
Жалын

БҚО ВОЛОНТЕРЛАРЫ 20-МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Бүгін, 22 желтоқсан күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а. Нұрхат Ораш 2020 жылы өңірде жастар саясаты саласында жасалған жұмыстар, соның ішінде «Волонтер жылының» қорытындысы туралы мәлім етті.

– Облыста 60-қа жуық ұйымға біріктірілген 10 мыңнан астам волонтер бар. Биыл волонтерлар мен волонтерлік ұйымдарды біріктіру мақсатында 15 бағыттан («Медицина», «Экология», «Әлеуметтік», «Медиа», «Оқиғалы», «Жануарлармен», «ТЖ волонтерлік», «Мәдени», «Донорлық», «Спорттық», «PRO BONO және зияткерлік волонтерлік», «Корпоротивтік», «Виртуальді» және «Этно волонтерлік») тұратын volunteer07.kz ақпараттық сайтты жұмысқа қосылды. Волонтерлардың күшімен облыс бойынша  барлығы 19 412 отбасыға азық-түлік, дәрі-дәрмек  және басқа да түрде  адрестік көмек көрсетілді, – деді Нұрхат Ораш.

Волонтерлер 12694 отбасыға (6952 қала бойынша, 5742 аудандарда) тегін азық-түлік апарып берсе, 3693 отбасыға тұрғындардың өз қаражаттары есебінен азық-түлік жеткізген. 478 отбасыға дәрі-дәрмек жеткізуге, 1047 отбасыға үй жұмыстарына, 168 отбасыға төтенше жағдай кезінде 42500 әлеуметтік жәрдемақыға өтінім беруге, 1332 отбасыға 16,62м3 (16 620 литр) демеушілердің көмегімен ауыз су жеткізуге  көмек көрсетті.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп, волонтерлар барлығы 1206 рейд жасады. Волонтерлардың күшімен 350 мың масканы  тегін таратты. Оның ішінде 80 мың масканы қолдан тіксе, 270 мың маска демеушілерден берілген.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі волонтерлік жобалар биылғы жылмен аяқталмай келер жылы да жалғасын табатынын атап өтті.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»