8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қазан 2023 2861 0
Оқиға

БҚО полицейлері 85 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

БҚО ПД Орал қ. ПБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні анықтап, қолға түсірді.
Қазанның 26 күні сағат шамамен 11:30 кезінде белгісіз біреу 1938ж.т. зейнеткердің үйінің есігін қағады. Есіктің құлпын ашқан әйелге бас салып, күш қолданып, бірнеше рет соққы жасайды. Кейін үйге кіріп, үйден жәбірленушінің қызына тиесілі 720 000 Ресей рубль ақшасын (5000 купюралармен) жымқырып кеткен. Келтірілген залал 3 500 000 теңгені құрап отыр.

Қылмыс орын алғаны туралы ақпарат түсе салысымен, оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетіп, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1991 жылы туған Орал қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру барысында оның алаяқтық, ұрлық, тонау қылмыстарына қатысының бары белгілі болды.

Ұрланған ақша жартылай тәркіленді.
Ұсталған азамат Орал қ. ПБ уақытша-ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігіне (Қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»