8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қазан 2018 2114 0
Қоғам

БҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНАН ӨТУДЕ

1171 батысқазақстандық полиция қызметкері оқу-жаттығу жиынынан өттІ.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жыл сайын оқу-жаттығу полигоны базасында және «Динамо» спорт базасында дайындықтан өтеді.

Бүгінгі күнге дейінгі жағдай бойынша 1 171 тәртіп сақшысы оқу-жаттығу жиынында жаттықты. Олар  6 тәулік бойы казарма режимінде тұрды. Алты күндік жаттығу барысында полиция қызметкерлері атыс, дене шынықтыру, арнайы-тактикалық дайындық және күрестің тәсілдері бойынша сабақтарға қатысып, соңында белгіленген нормативтер бойынша сынақ тапсырды.

– Бұл жаттығулар полицейлердің ұйымдасқан түрде батыл әрі сенімді әрекет етуіне септігін тигізеді. Бір ауысымда бір ғана саланың емес, әр түрлі бөліністердің, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері қатарынан құрылған топ дайындықтан өтеді. Мұндай тәжірибе қызмет бабында бізге өте қажет, – деп атап өтті БҚО ПД бастығының орынбасары Бағдар Әбуов.

     

Жаттығу барысында күрестің жауынгерлік әдіс-тәсілдері, құжаттарды тексеру кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, күдікті адамдарды ұстау және қарау, автокөлікпен жүріп бара жатқан адамды ұстау, тұрғын үй-жайларды тексеру, қоғамдық тәртіпті топтасқан түрде бұзушылықты оқшаулау кезінде қызметкерлердің іс-әрекеті тактикасы, жәбірленушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету, тапаншадан және автоматтан ату тәсілдері  бойынша үйрету жұмыстары жүргізілді. Сабақтарды арнайы даярлық басқармасының және медициналық топтың дәрігер-мамандары өткізді.

Аталған оқу-жаттығу жиынынан кестеге сәйкес барлық полицейлер өтеді.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»