8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Шілде 2019 3338 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНЕ ЖАҢА ӨКІЛ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

     Бүгін Қасиетті жұмада Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің бұйрығымен Мұратбек Мұхтарханұлы Қыстаубаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы және облыстық орталық мешіттің бас имамы болып тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы жұма намазын жүргізіп, мешіт ұжымы мен Ақжайық жамағатына жаңа өкіл имамды таныстырды.

– Мұратбек Мұхтарханұлы – әлемге әйгілі «Әл-Азхар» университетін тәмамдаған, діни білімі жоғары. 2013 жылдан бастап  Орал орталық мешітінің наиб имамы, Орал медресесінің директорының орынбасары қызметін атқарды. Ендігі кезекте әсем Ақжайықтың рухани өміріне қалтықсыз қызмет етіп, бар біліктілігі мен білімін, ынта-жігерін осы өңірдің діни тұрақтылығын нығайтуға жұмсайды деп сенемін», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ал, осыған дейін ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы қызметін атқарған Еркебұлан қажы Қарақұлов ҚМДБ-ның Шымкент қалалық орталық «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti»  мешітіне наиб имам,  Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы қызметіне ауысты. Оның атқарған қызметіне құрмет көрсетіліп, қазақы салтпен иығына шапан жапты.

 

Мұратбек Мұхтарханұлы Қыстаубаев – 1983 жылы дүниеге келген.

2000-2005 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы гуманитарлық институты «Дінтану» факультетін;

2005-2013 жылдары  Египет Араб Республикасы Әль-Азхар халықаралық ислам университеті «Шариғат» факультетін тәмәмдаған;

2013 жылдан бастап «Орал» облыстық орталық мешітінің наиб имамы,

2015-2018 жылдары «Орал» медресесі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Үйленген, бір ұлы, бір қызы бар

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»