БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін, 12 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Шәкімов «Орал қаласының Халықаралық әуежайын қайта жаңарту және жаңғырту» объектісінің құрылысымен танысып, көшпелі кеңес өткізді.

Екі қабаттан тұратын терминал екі бөлімнен тұрады және республикалық, халықаралық рейстерді бір мезетте қабылдап қоймай, ұшыруға жағдай жасалады.
Қазіргі уақытта іргетастарды, бағаналарды, ішкі қалқаларды орнату, қабырғалардың металл конструкцияларын дайындау жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ электр жарықтандыру желілері жүргізілуде.
Құны 6 млрд. 600 млн.-ға бағаланған халықаралық әуежай құрылысы аяқталған соң 400 адамға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы болмақ. Оған қоса бірнеше жұмыс орны ашылып, жүздеген маман жұмыспен қамтылады деп күтіледі.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу