8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Ақпан 2021 1110 0
Қоғам

БҚО ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНДЕ 237 СҰРАҚ ПЕН ҰСЫНЫС ТҮСТІ

Сұрақтардың дені жол құрылымы, электр желілерінің  тозуы, мобильді байланыс, оңтүстік аудандарды ауызсумен қамту, экология мәселелері және мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыруға қатысты болды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 5.02.2016 жылғы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында 20 ақпанда облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңір тұрғындарына болашақ жоспарлары туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиев айтып берді. Пандемияға байланысты облыс әкімінің халық алдындағы жыл сайынғы есебі онлайн форматта өтті. Есеп беру кездесуінің тікелей көрсетілімі «Aqjaıyq» телеарнасында және БҚО әкімдігінің ресми парақшасында YouTube видеохостингінде өтті.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінің  мәліметінше, есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша барлығы 237 сұрақ пен ұсыныс түскен.

Халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинауға арналған жәшіктер арқылы 8 өтініш, электрондық пошта 39, WhatsApp нөмірі 138, Call-орталық арқылы 52 сұрақ келіп түсті. Сондай-ақ, тікелей эфирді трансляциялау есебі кезінде БҚО әкімдігінің ресми парақшасындағы YouTubе видеохостингінде 616 пікір қалдырылды.

Облыс әкіміне жолданған өтініштер негізінен мобильді байланыс пен мобильді интернеттің әлсіздігі, жол инфрақұрылымы, электр желілерінің тозуы, экология және ТҚҚ, облыстың оңтүстік аудандарын сумен қамтамасыз ету, киіктердің саны, факторлық-балдық шәкілді (БШФ) енгізу және мемлекеттік қызметшілердің жалақысын одан әрі арттыру мәселелеріне қатысты болды.

Есеп беру кездесуі барысында облыс әкімі өңірдің ең өзекті деген 39 сұрағына жауап берді. Белгіленген уақыт шеңбері азаматтардың барлық өтініштеріне тікелей эфирде жауап беруге мүмкіндік бермеді. Барлық қойылған сұрақтар мен оларға берілген жауаптар БҚО әкімдігінің ресми сайтында белгіленген мерзімде қолжетімді болады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»