БҚО ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі басталды.

Есептік жиында облыс басшысы 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық өсуі туралы баяндап, халықтың сұрақтарына жауап береді. Есептік кездесу барысы тікелей эфирде «Aqjaiyq» облыстық телеарнасы арқылы көрсетілуде. Сондай-ақ 24 00 86, 24 00 92 Call-орталығы жұмыс жасауда.
2019 жылдың қорытындысы бойынша облыста жеті негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша белсенді өсу байқалады. Атап айтқанда құрылыс жұмыстарының көлемі 25 пайызға, негізгі капиталға инвестициялар 24 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер 12 пайызға, өңдеу өнеркәсібі – 9 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 6 пайызға өскен.
Сонымен қатар өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 6 пайызға төмендеген. Облыс басшысының айтуынша, бұл Қарашығанақ кен орындарының объективті технологиялық себептерге және зауыттың бір айға жоспарлы жөндеуге тоқталуына байланысты.

Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу