8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Ақпан 2021 1046 0
Қоғам

БҚО ӘКІМІ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында өткен жылы өңірде атқарылған жұмыстарды саралап өтті. Аймақ басшысы өңірде көгілдір отынмен қамту мәселесі түбегейлі шешілгенін, ал ауыз сумен қамтуда проблемалардың бар екенін жасырмады.


-Өткен жылдың тоғыз айлық қорытындысымен жалпы өңірлік өнім 1,9 трлн. теңгені құрады. Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіптегі өнім өңдірісі 3,7% өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 0,3% артып, 176,4 млрд. теңгені құрады. Жыл ішінде 529,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бір жылда 20 мыңға жуық жұмыс орындары ашылып, 11 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жергілікті бюджетке 109,3 млрд. теңге қаражат түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 10,8%-ға өсті,-деді Ғ.Есқалиев өз баяндамасында.
Мұнан соң өңір басшысы өнім өндіру, инвестиция тарту, агроөнеркәсіп кешені, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, құрылыс, жол салу, халықты әлеуметтік қорғау, білім мен денсаулық, спорт секілді маңызды салаларға жеке-жеке тоқталып өтті.
Мәселен, агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша соңғы екі жылда 922 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталып, мемлекетке 140 мың гектары қайтарылса, 542 мың гектар жер қайта игеріле бастаған. Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігі өткен жылдың 3 тоқсанында 25%-ға өсіп, 1,8 млн. теңгеге дейін жеткен. Салаға салынған инвестициялар көлемі алдынғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 24 млрд. теңге құраған. Ал облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға бюджеттен 20 миллиардтан астам қаражат бөлінсе, оның 70%-ы агроөнеркәсіп саласын қолдауға бағытталған субсидияларға жұмсалыпты.
Аудан-ауылдардағы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарылған. Бұл сала бойынша өткен жылы 42,3 млрд. теңгеге автомобиль жолдарының 436 шақырымы жөңделген. Биыл Жәнібек пен Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын автомобиль жолдарын жөңделуін жалғастыру үшін республикалық бюджеттен 20 млрд. теңге бөлінген.
Жасыссөзге қатысқан кеңес мүшелері мектептер мен балабақшаларды жөндеу, үш аусымда оқитын білім ошақтарын жою, сапалы жолдар салу, елді мекендерді көгілдір отын және сапалы ауыз сумен толықтай қамту, өзен-көлдерге су жеткізу секілді өзекті мәселелер төңірегінде ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің есебін тыңдаған қоғамдық кеңес мүшелері алдағы уақытта бірқатар мәселелерге назар аудару қажет екенін тілге тиек етті. Мәселен, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Жаңабек Жақсығалиев ауданішілік жолдарды жөндеуге көңіл бөлу керек деп еептейді. Атап айқанда Қаратөбе ауданындағы Қалдығайты мен Саралжын елдімекендерін ауданмен байланыстырушы жолдардың жәйі өте нашар. Бұл ауылдарда тұрғындардың бір жерде тұрақтануы себепті демографиылық жағдай тұрақты. Сол себепт жол мәселесі жылдың төрт мезгілінде де өзекті мәселе дейді.

Облыс әкімі әр сауалға тұшымды жауап қайтарып, айтылған түйіткілдерді шешу жолы қарастырылып жатқандығын жеткізді.
Сондай-ақ кеңейтілген кеңес отырысында облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаеваның, аталған кеңес төрағасы Ербол Салықовтың есебі тыңдалды.

Айнара ИСА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»