8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Тамыз 2019 1502 0
Қоғам

БҚО ӘКІМІ АҚЫН АҚҰШТАП БАҚТЫРГЕРЕЕВАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен «Құрмет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгереевамен кездесіп, 75 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі хабарлады.

– Өзіңіздей асыл да аяулы анамыздың өнегелі өміріндегі бұл мәртебелі мезет – Жайық жұртшылығы үшін ортақ қуаныш. Сіздің ел үшін, ұрпақ тәрбиесі үшін атқарып келе жатқан еңбегіңіз, қазақ поэзиясындағы орныңыз айрықша. Сіз табиғат сыйлаған ерекше дарыныңыздың арқасында бүкіл еліңізге танылған, поэзияның биігіне шыққан талантты ақынсыз. Сіздің қарымды қаламыңыздан туған қуатты әрі шынайы шығармалар ұрпақтан ұрпаққа жететін құнды мұра екені сөзсіз. Сондықтан алдағы уақытта да халқымызды, әулетіңізді мәнді де нәрлі жырларыңызбен қуантып, ортамызда аман-есен жүріңіз. Халқымыздың қадірмендісі, ұлтымыздың мақтанышы болып, жалынды жырларыңыз елмен бірге жасай берсін, – деп құттықтауын жеткізді облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы.

Кездесу барысында өңірдегі мәдениет, әдебиет пен өнер саласының дамуы мәселелері талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын жоспарлар туралы сөз қозғалды.

Эльвира МЕҢДІҒАЛИДЫҢ суреті

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»