БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Меритократия қағидатына сәйкес конкурстық комиссияның шешімі бойынша Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Нұрданат Беркінғали тағайындалды. Бүгін БҚО әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева ұжымға жаңа басшыны таныстырды.

Білімі – жоғары. Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі», «Болашақ» бағдарламасымен Ганновер медициналык мектебін (Германия) «оториноларингология» мамандығы бойынша тәмамдаған. (Phd) докторы.
Әр жылдары:
-Алматы қаласы медициналық жәрдем станциясының фелдьшері,
– А.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының оториноларинголог-дәрігері,
– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарған.
Ал 2017 жылдың маусымынан бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды.
«Жайық үні»
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу