8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Желтоқсан 2020 4471 0
Жалын

БҚО-ДА ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтары қызметкерлерін ынталандыру мақсатында «JRO belgisi – 2020» байқауы ұйымдастырылып, жеті аталым бойынша үздіктер анықталды. Озық, белсенді мамандарды марапаттау рәсімі 22 желтоқсанда Салтанат сарайында  өткізілді. Сондай-ақ бұл кеште жастардың бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсеткен серіктестер мен демеушілерге  алғыс хат табысталды.

«JRO belgisi – 2020» байқауы ресурстық орталықтардың қызметкерлерін ынталандыру мақсатында биыл алғаш рет қолға алынып отыр. Жеті жылдық еңбектің жемісін ескере отырып, байқау «Үздік жастар ресурстық орталығы», «Үздік қызметкер», «Үздік жоба», «Үздік жастарға қызмет көрсету орталығы», «Үздік коворкинг», «Үздік жастар жетекшісі» және «Үздік парақша» сынды жеті аталым бойынша жарияланған.  Жалпы 40-тан астам өтініш түскен. Қазылар шешімімен «Үздік қызметкер» аталымы бойынша Шыңғырлау ауданындағы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы С.Елеусін, Тасқала ауданындағы орталықтың жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Байғали, Сырым ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші-маманы Қ.Қалмұқан, Ақжайық ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші-маманы А.Сапарғалиева марапатталса, осы орталықтың маманы Д.Сәтпаева мен Жәнібектегі ресурстық орталықтың жастар жетекшісі Б.Хайрушев – «Үздік жастар жетекшісі» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды. «Үздік жастарға қызмет көрсету орталығы» мен «Үздік парақша» аталымдарын Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жеңіп алды. «Үздік коворкинг» аталымы бойынша Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Үздік жоба» аталымында – Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Үздік JRO» аталымында – Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жеңімпаз атанды. Үздіктер арнаулы диплом және статуэтка иеленді.

Сондай-ақ жыл бойы облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметін белсенді ұйымдастыруға атсалысқан, пандемия кезінде волонтерлық қызметті жоғары деңгейде атқаруға септігін тигізіп, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмектер көрсеткен «Бипэк-авто», «Нұржанар», «Рахат» АҚ, «Белес Агро», «Эпсилон» ЖШС ұжымдары мен «Мария Ханым» сән үйінің директоры Жұлдыз Қазиқызына, лешмейкер маман Айкөркем Нұрланқызына, визажист Ақнұр Темірланқызына және жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету, әлеуметтік бағдарламалар аясында ұйымдастырылған тренингтер, курстар мен іс-шаралардың жоғары деңгейде өткізілуіне зор үлестерін қосқан мекеме-ұйымдардың мамандарына алғыс хаттар табысталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»