8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Шілде 2019 1938 0
Қоғам

БҚО-ДА «ҮЗДІК ТАУАРЛАР» КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы ұйымдастырылып, республикалық байқауға облысымыздың атынан қатысатын үздік кәсіпорындар анықталды. «Атамекен» ҰКП-ның Батыс Қазақстан кәсіпкерлер палатасы ұйтқы болған өңірлік байқауға облысымыздағы 40 кәсіпорын қатысуға ниет білдірген. Олар бүгін қалалық мәдениет және демалыс саябағында өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Аталмыш байқаудың кәсіпорындар мен олардың тауарларының сапасын арттыруда және халыққа танытуда септігі мол. Осы мақсатпен үздіктер сапына ілігуге ұмтылғандар қатарында бірнеше жылдан бері нарыққа өз өнімдерін ұсынып келе жатқан ірі кәсіпорындармен қатар тың бастамамен кәсіптерін жаңа бастағандары да болды.

БҚО кәсіпкерлік палатасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Мақсотовтың мәліметінше, сегіз кәсіпорын – «Үздік азық-түлік тауарлары»,  26 кәсіпорын – «Халық тұтынатын үздік тауарлар», алты кәсіпорын – «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясына қатысуға өтінім білдірген. Алайда, олардың ішінен үздік тоғызы ғана республикалық байқауға жолданады. Байқау-көрмеге қатысушы үміткерлердің өнімдерімен тынысып өткен комиссия өңірдің үздіктерін анықтады. Облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов отандық өндірушілерге ізгі лебізін арнап, жеңімпаздарға салтанатты түрде диплом мен «Қазақстанның үздік тауары» ескерткіш белгісін, сыйлықтарын табыс етті.

Атап айтқанда, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС – «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша марапатталды.

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша – жиһаз өндірісімен айналысатын «APRIORI», сұйық сабын шығаратын «КаzStepService» ЖШС және арнаулы киімдер тігетін «SaRi Suppliers Plus» ЖШС республикалық кезеңге жолдама алды.

«Үздік азық-түлік өнімдері» номинациясында – «Белес Агро» ЖШС, «Каверина С.В.» және «Талецкий» жеке кәсіпкерліктері үздіктер қатарынан көрінді.

Байқау-көрмеге қатысқан барлық қатысушыларға «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалы атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ салтанатты шарада еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Аяз» ЖШС директорының орынбасары Наригей Жанғазиев  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі атынан  Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»