8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қараша 2020 1123 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДАҒЫ ЖЕТІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА 129 НАУҚАС ЕМ АЛУДА

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Әбдрахманова коронавирустық инфекциямен тіркелген науқастардың жағдайы туралы мәлім етті. 

Гүлнар Әбдрахманованың мәліметінше, бүгінде Тасқала, Жәнібек, Ақсай және Сырым санитарлық бекеттері жанында ашылған, 185 төсек-орын қоры бар төрт карантиндік стационарда 27 науқас жатыр. Толымдылығы 14, 6 пайыз. Қосымша резервті инфекциялық төсек орындарынан Бөкейорда ауданынан 16 инфекциялық төсек орны ашылған.  Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, көпбейінді аурухана және Бөрлі, Ақжайық, Жәнібек, Бәйтерек және Бөкейорда аудандық ауруханалары базасындағы 349 төсек – орындық жеті инфекциялық стационарда 129 адам емделуде. Сонын ішінде 8 адам реанимациялық ем алуда.

Ем алушылардың көбі үлкендер екенін атап өту керек. Маманның мәліметінше, 80 пайызы 60-тан 80 жасқа дейінгі науқастар болып отыр. 20 пайызы – 80 жастан асқандар. Пациенттердің барлығында ілеспелі аурулар бар. 6 науқаста жүрек-қан тамырлары ауруы болса, бір науқаста тыныс алу жүйелері ауруы, тағы бірінде  созылмалы бүйрек ауруы бар.  Қазіргі уақытта өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған адам жоқ.

Сонымен қатар, 2028 резервтіктөсек-орынқоры дайындалды, оның 1253-і инфекциялық стационарларда, 775 карантиндік стационарларда.

Жалпы облыс бойынша  барлық емханаларда ситуациялық орталықтар  сағат 8.00-20.00 аралығындажұмыс жасауда. Қазіргі таңда  КВИ бойынша 1775 қоңырау келіп түсіп, 4233COVID-19 бен ЖРВИ белгілері бар науқастар фильтрға жүгінген.

– Эпидемиологиялық жағдайға байланысты емханаға тіркелген тұрғындарға  медициналық мекемелерге аса қажеттілік  пен көрсеткіштерсіз бармауға кеңес береміз. COVID-19 бен ЖРВИ белгілері бар науқастарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін мобильді бригадалар жұмыс жасайды. Мобильдік бригаданың жұмыс кестесі таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін. Бригадалар арнайы автокөлікпен, жеке қорғаныс құралдарымен, сынамаларды жинауға арналған жинақтармен, антисептиктермен, пульсоксиметрлермен, артериалдық қысым өлшеуге арналған аппараттармен қамтамасыз етілген. Орта есеппен бір емхананың мобильдік бригадасы күніне 9-10 шақыртуларға барады, ал жалпы облыс бойынша 100 шақты шақыртуларға барып, медициналық қызмет көрсетеді. Облыс тұрғындары ЖРВИ симптомдары байқалса үйде болып, дәрігерді шақырту үшін тіркеу бөліміне хабарласу керек, ситуациялық орталық мамандары кеңес беріп, қажет болған жағдайда дәрігер қабылдауын ұйымдастырады, – деді Гүлнара Мақсотқызы.

-Сонымен қатар 109 CALL-орталығы жұмыс жасайды. Соңғы аптада «109» call–орталыққа – 3068 қоңырау түскен, соның ішінде COVID–19 бойынша  – 942 қоңырау. Соңғы тәулікте 403 қоңырау түссе, онығ 69-ы COVID–19 бойынша.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облыста коронавирустық инфекциямен тіркелген науқастар 7643-ке жетті. Соның ішінде симптомдық 3744 науқас, симптомсыз 3899 науқас. 7009 науқас жазылып шықты. Оның ішінде стационарлықдеңгейде сауыққандардың саны 3272 адам, амбулаториялық деңгейде ем алып шыққан  – ​​3737 адам. Жалпы 130 адам көз жұмды. Аурушаңдық көрсеткіші 1159-ды құрайды. Аурудың өсу темпі 0,59-ды құрайды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»