8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қараша 2020 1007 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДАҒЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУХАНАЛАРДА 113 НАУҚАС ЕМДЕЛУДЕ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнара Әбдрахманова  БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай мен қабылданған шаралар туралы баяндады. 

БҚО-да бүгінге дейін коронавирустық инфекциямен 7300 науқас тіркелген. Соның ішінде симптомдық 3570 науқас, симптомсыз 3730 науқас. Сауыққандар саны 6900 адам (оның ішінде стационарлық ем алып сауыққандардың саны 3163 адам, амбулаториялық ем алып шыққан  – ​​3737 адам). 121 адам көз жұмған. Қазіргі уақытта аурушаңдық көрсеткіші 1107,1-ді құрайды.

– Тасқала, Жәнібек, Ақсай және Сырым санитарлық бекеттері жанында ашылған 185 төсек-орын қоры бар төрт карантиндік ауруханада қазіргі таңда 28 науқас жатыр. Толымдылығы – 15,1 пайыз. 333 төсек-орындық алты инфекциялық ауруханаларда 113 адам емделуде. Толымдылығы – 33,9 пайыз. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық көпсалалы аурухана және Бөрлі, Ақжайық, Жәнібек, Бәйтерек облыстық ауруханалары базасында жұмыс жасайды. Сонын ішінде өкпені жасанды желдету аппараттарымен  жабдықталған 38 реанимациялық орын бар. Қазіргі таңда реанимацияда 10 адам емделуде. Толымдылығы – 26 пайыз, – деді Гүлнара Мақсотқызы.

Ем алушылардың көбі үлкендер екенін атап өту керек. Маманның мәліметінше, 80 пайызы 60-тан 80 жасқа дейінгі науқастар болып отыр. 20 пайызы – 80 жастан асқандар.

Пациенттердің барлығында ілеспелі аурулар бар. 6 науқаста жүрек-қан тамырлары ауруы болса, бір науқаста тыныс алу жүйелері ауруы, тағы бірінде  созылмалы бүйрек ауруы бар.  Қазіргі уақытта өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған адам жоқ.

Сонымен қатар, 2044 резервтік төсек-орын қоры дайындалған. Оның 1269-ы – инфекциялық стационарларда, 775 – карантиндік стационарларда.

 

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»