8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Ақпан 2021 1457 0
Қоғам

БҚО-ДАҒЫ ЕҢ ЖАС МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ «БОЛАШАҚТЫҢ» ТҮЛЕГІ

Өңіріміздегі ең жас мектеп директоры «Болашақ» бағдарламасының түлегі Жансұлтан Нұрмұханов. Ол қазіргі таңда Сырым ауданы, Қособа орта мектеп-балабақша кешенін басқарып отыр. Жансұлтан Нұрмұханов –  бес тілді жетік меңгерген тарих пәнінің мұғалімі.  Ұстаздық қызметке келуіне ата-анасының тікелей әсері болған. Жансұлтанның әкесі жоғары оқу орнында музыка пәнінен сабақ берсе, анасы география, химия, биология пәндерінің мұғалімі.  

Кейіпкеріміз М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Польша еліндегі Быдгощ қаласының Халықаралық Туризм және Мәдениет институтымен жасалған екі жақты шарты арқасында екі жоғары оқу орнын тәмәмдаған. Жоғары оқу орнын бітірген соң, ел экономикасының басым секторлары үшін бәсекеге қабілетті кадрларды дайындайтын «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбритания мемлекетіндегі Манчестер университетінде мамандандырылған тілдік курстан өтіп, Уорик университетінде «Білім беру жүйесіндегі көшбасшылық және менеджмент» мамандығы бойынша магистратурада білім алған. «Қазіргі таңдағы ең үлкен жетістіктерімнің бірі – «Болашақ» бағдарламасы аясында ҚР Президентінің халықаралық шәкірақысының иегері атануым» дейді Жансұлтан Нұрмұханов.

«Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов айтқандай, кейіпкеріміз оқу бітіргеннен кейін алған теориялық білімді тәжірибе жүзінде іске асыруды ауыл мектептерінен бастағанды жөн көрген.  Қазіргі таңда,  Қособа ауылында мектеп-балабақша кешенінде директор қызметін атқарып жүр. Оқу жылы басталғалы бері, мұғалімдердің қажеттілігіне қарай IT құзыреттілік, ағылшын тілі, «Жас мұғалімдер мектебі», «Lesson study» сынды мектепішілік курстар мен жобалар ұйымдастырған.  Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларына тегін түрде IELTS курсын өткізуде. Білім алушылардың ҰБТ-ға дайындық механизмін де бір жүйеге келтірілген.

Жансұлтан Қайыржанұлы еліміздің жарқын болашағы үшін еңбек ететін жеткізді.

 

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»