8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Наурыз 2021 3916 0
Қоғам

БҚО-ДАҒЫ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНА «ЭКО МЕКТЕП» ЖӘНЕ «ЭКО БАЛАБАҚША» ЖОБАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін зерттеу, табиғатты қорғау міндеттерін шешуде практика жүзінде қатысуға тарту мақсатында Орал қаласы және аудан мектептері мен балабақшалары барлығы 30 білім беру мекемелеріне «Экомектеп» және «Эко балабақша» жобалары енгізілді.

 

Экологиялық білім – бұл білімнің бөлігі емес, қазіргі білім беру процесінің жаңа мәні мен мақсаты. Сондықтан экологиялық білім беру, тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бүгінгі күні бірінші орынға шығады.

Экологиялық білім мен тәрбиенің өзектілігін ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму қазақстандық күн тәртібінің бірінші жоспарына шығады. Мектептер мен ЖОО-ларда өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеуде тиісті назар аудару қажет» деп растаған болатын. Осы мақсатта білім беру үдерісін экологияландыру міндетін шеше отырып, білім басқармасы бірыңғай экологиялық білім беру кеңістігін құрды.

– ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін зерттеу, табиғатты қорғау міндеттерін шешуде практика жүзінде қатысуға тарту мақсатында Орал қаласы және аудан мектептері мен балабақшалары барлығы 30 білім беру мекемелеріне «Экомектеп» және «Эко балабақша» жобалары енгізілді. Жобаға қатысушы мектептер мен балабақшалар экологиялық кеңес құрып, мектептер «Өсімдіктер әлемі және топырақ», «Жануарлар әлемі», «Ауа», «Су», «Табиғатты пайдалану әліппесі» және мектепке дейінгі ұйымдар «Экологиялық кітаптармен танысу», «Жануарлар әлемінде», «Экологиялық ойындар», «Шығармашылық», «Табиғатты зерттеушілер (барлаушылар)» бағыттары бойынша жұмыстануда, – деп хабарлады БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жоба нәтижесінде жас ұрпақтың қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің әртүрлілігі туралы білімдерін кеңейтіп, білім алушылардың экологиялық мәдениетінің деңгейін мектепке дейінгі ұйымдардан бастап көтеріп, «Экомектеп» және «Эко балабақша» жобаларына енетін білім беру мекемелерінің қатары өседі деген сенім бар.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»