8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2021 1239 0
Қоғам

БҚО-ДАҒЫ АУЫЛДАРДА МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

Бүгін, 20 ақпан күні халықпен есептік кездесу кезінде  БҚО әкімі Ғали Есқалиев цифрландыру аясындағы жұмыстарға тоқталды.   

Бүгінгі таңда батысқазақстандықтардың 96 пайызы ұялы байланыспен қамтамасыз етілген. Алайда, ұялы байланыс пен интернеттің сапасына қатысты шағымдар бар. Осы орайда өңір басшысы  Ғали Нәжімеденұлы биыл ұялы байланыс жоқ,  тұрғындары аз елідмекендерді ұялы байланыспен қамтамасыз ету мәселесін шешу және  86 ауылда мобильді интернеттің жылдамдығы мен сапасын арттыру жоспарланғанын жеткізді.

Өткен жылы мемлекеттік қызметтердің 95 пайызы электронды түрде көрсетілген. Бұл – жақсы көрсеткіш. Ең көп сұранысқа  ие болған қызметтер  – дәрігерге жазылу, ветеринариялық паспорт беру, балаға туу туралы куәлік беру, жер учаскесінің мақсатын өзгерту. Облыс әкімі атап өткендей, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Осы орайда аудандар мен Орал қаласының әкімдері метептерде  немесе медициналық мекемелерде халыққа өзін-өзі қызмет ету бұрыштарын ұйымдастыруы қажет.

2019 жылы құрылған IT-HUB мемлекеттік органдардың да, жеке компаниялардың да міндеттерін цифрландыру арқылы шешуге көмектеседі. Мысалы, әкімдік үшін «109», «112» жобалары, stopcovid.kz сайты іске асырылды, жеке компания үшін мемлекеттік қызметтерге бірыңғай төлем құжаты жасалды. Мемлекеттік органдар мен компаниялар бизнестерін немесе мелекеттік органның жұмысын оңтайландыруда IT-HUB алаңын белсенді қолдануы қажет. 

– Қазір Smart Aqsai жобасы әзірленуде. Жоба аясында заманауи бейнебақылау камераларын, жарықтандыру құрылғыларын орнату, деректер қорын интеграциялау қарастырылған. Осындай жұмыстарды жүйелі түрде барлық аудан орталықарында жүзеге асыру қажет, – деді облыс басшысы Ғали Есқалиев.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
127 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
135 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
262 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
529 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
582 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
651 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
677 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
724 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
946 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
961 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
916 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»