8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Ақпан 2021 1320 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДАҒЫ 31 МЕКТЕП БОЙЫНША 42 СЫНЫП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы бүгін, 5 ақпан күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтты. 

Өңірде 1 қаңтардан бері  коронавирустық инфекцияның 2174 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1354 жағдайда ауру белгілері бар болса, 820 жағдайда ауру белгілері жоқ.

Спикердің сөзінще, олардың ішінде 969 адамда  ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген кезде анықталған.  Жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 700 адамнан, профилактикалық мақсатта тексерілген 374 адамнан және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 131 адамнан инфекция табылған. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекция жүұтырған науқастармен байланыста болған 2782 адам медициналық бақылауға алынды.

– Соңғы аптада, яғни 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығындағы аурушаңдық көрсеткіші өткен аптамен, нақтырақ айтқанда 22-28 қаңтар аралығындағы кезеңмен салыстырғанда  төмендеп келеді. Кәсіби құрамы бойынша аурушаңдық жұмыс істейтіндер арасында көбірек. Ол жалпы тіркелген науқастардың 41,5 пайызын құрап отыр. Сондай-ақ зейнеткерлер, жұмыс істемейтіндер, мұғалімдер мен медицина қызметкерлері және оқушылар арасында да аурушаңдық бар. Өткен тәуліктер коронавирустық инфекциямен 88 жағдай тіркелді, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Оқу жылы басталғалы COVID-19 вирустық инфекциясы мектепте дәстүрлі форматта оқитын 164 оқушыда, қашықтықтан оқитын 177 оқушыда, барлығы 341 оқушыда анықталды. 3 тоқсан басталғалы оқушылар арасында COVID-19-дың  127-і жағдайы тіркелген. Олардың 49-ы – дәстүрлі форматта, 78-і- қашықтан оқитын оқушылар. Осы орайда қала және аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 31 мектепте 42 сынып карантинге жабылған.

Айта кетейік, өткен жылғы наурыздан, яғни індет тарала бастаған уақыттан бері Батыс Қазақстан облысында COVID-19-дың  11397 жағдайы тіркелді. Індеттен 9267 адам сауығып, өкінішке орай 199 адам қайтыс болды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
127 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
135 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
262 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
529 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
582 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
651 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
677 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
724 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
946 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
961 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
916 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»