8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Шілде 2021 1519 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДАҒЫ 31 АУЫЛДЫҚ ОКУРГТІҢ ӘКІМІ САЙЛАНАДЫ

25  шілдеде Батыс Қазақстан облысындағы 12 ауданның тоғыз ауданы бойынша 31  ауылдық округтің әкімдерінің сайлауы өтеді. Оның ішінде 26 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 5-уі (16,1%) – өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты сайланады.

БҚО сайлау комитетінің төрағасы Ғ.Қапақовтың мәліметінше, ауылдық округ әкімі лауазымдарына 93 кандидат ұсынылған. Олардың 40-ы – саяси партиялар атынан ұсынылғандар болса, 53-і – өзін-өзі ұсынушылар.

Орташа бәсекелестік -3 адам. Кандидаттардың ең көп саны 4-еуден(Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала аудандарының 9 ауылдық округтерінде). 9(29%) сайлау округінде 2 кандидаттан.

– Саяси партиялар 28 сайлау округі бойынша кандидатураларын ұсынды. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясы – 25 кандидат, «Ауыл» ХДПП – 5 кандидат, «Ақ Жол» ҚДП – 1 кандидат, «АDAL» СП –  5 кандидат, ҚХП – 3 кандидат, ЖСДП – 1 кандидат. 18 сайлау округінде бір саяси партия бар. 6 сайлау округінде екі және одан да көп саяси партияның кандидаттары ұсынылды. Нақты айтқанда, 4  округте екі саяси партиядан, 3 округте – үш партиядан.        Сонымен қатар, Ақжайық, Сырым аудандарының 4 ауылдық округінде кандидаттарды тек «NurOtan», «Ауыл», «АDAL», «Ақ Жол» саяси партиялары ұсынды. Жаңақала, Казталов, Қаратөбе аудандарының 4 ауылдық округінде кандидаттар тек өзін-өзі ұсынды, – деді Ғ.Қапақов.

93 үміткердің алтауы – әйел. 45 кандидат жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Оның ішінде 20 кандидат нақты ауылдық округтегі әкімдерге қайта дауысқа түседі.

Үміткерлердің орташа жасы – 41,1 жас. Бұл ретте ең жас кандидат 26 жаста. Ол Бөрлі ауданының ауылдық округі бойыншасайлауға түспек. Ең үлкені 60 жаста, ол Бөкей ордасы ауданының ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер.

Кандидаттардың 60-ы, яғни 64,5% – ауылдық округте, 27-сі (29%) – ауданда, 6 (6,45%) – облыста тұрады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»