8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Мамыр 2021 1456 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДАҒЫ 182 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫ ASHYQ ҚОСЫМШАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлердің жұмысын тоқтатпай, яғни локдаунға жібермей жұмысын сақтап қалу мақсаты қойылған. Сол тұрғыдан Ashyq цифрлық-бақылау жүйесі іске асырылып отыр. 26 сәуірден бастап Үкіметтің шешіміне сәйкес бұл жоба барлық өңірге таратылды.

 

БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотовтың мәліметінше, облысымзда Ashyq қосымшасы 14 сәуірден бастап енізілуде. Бұл қосымша халық көп жиналатын орындарға ауру белгілері бар және науқастармен байланыста болған адамдардың кіруін болдырмауға мүмкіндік береді. Әр нысанның санитарлық құжаттары жасақталып, орта және кіші бизнес нысандарына азаматтарға ауру жұқтырмай жұмыс жасауына рұқсат беріледі. Бүгінгі күні, яғни 5 мамырдан бастап облыстағы фитнес клубтар, spa-орталықтар, бассейндер, компьютерлік клубтар, театр, кинотеатр, филармониялар Ashyq қосымшасымен жұмыс жасауда. Жалпы өңірдегі 182 кәсіпкерлік нысаны Ashyq қосымшасына QR-кодтарын алып жұмыстарын бастаған.

– Ережеге сәйкес, 1 апталық тестілік режим қарастырылған. 182 ныснаның 44-і тестілік режимді өткізіп, ресми түрде жұмысқа кірісті. Қалғандары 1 апталық оқуды  жалғастыруда, – деді Нұржан Ерболатұлы.

Ashyq мобильді қосымшасына қосылу үшін кинотеатрлар мен қоғамдық тамақтану орындарынан басқалары өтінішті InfoKazahkstan платформасы арқылы беріледі. Кинотеатрлар мен қоғамдық тамақтану  орындары салалық қауымдастық арқылы береді. Өтінім беруден бастап, рұқсат берілген нысандар тізімінің әкімдік сайтына орналастыруға дейінгі  процесс мерзімі 9  күннен аспайды.

Ashyq жобасын енгізу және мәртебені анықтауда тиісті алгоритм бекітілген. Кәсіпкерлер келушілердің мәртебесін qr-код немесе ЖСН арқылы тексереді. Олардың мәртебелері «көк», «қызыл», «жасыл», «сары» түстердің  жануы  бойынша  анықталады. «Қызыл», «сары» мәртебесі бар, оқшаулануға жататын азаматты анықтаған кезде растайтын материалдарды уәкілетті органға ұсынуы тиіс. Олар нысанға кіргізілмейді.

 

 «Жасыл» мәртебекелуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен немесе екі компонентпен вакцинацияланған адам.

«Көк» мәртебе ПТР тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болмаған.

«Сары» мәртебедеректер базасында COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болғанын көрсетеді.

«Қызыл» мәртебедеректер базасына COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, яғни ауру жұқтырған адам.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»