18 Сәуір 2019 2168 0
ЖалынБҚО-ДА «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ
Бүгін Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі базасында жастар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттер арасында «Ауылшаруашылық машина және тракторды жөндеу слесарі» құзыреттілігі бойынша«WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты басталды.

Чемпионат Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы және Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өтуде.
Чемпионаттың негізгі мақсаты – жұмысшы жəне техникалық мамандықтардың дəрежесі мен мəртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, WorldSkills Ұлттық чемпионатына қатысу үшін өңірлік құрамды дайындау.
Чемпионатқа «Ауылшаруашылық машина және тракторды жөндеу слесарі» құзыреттілігі бойынша Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі, Бәйтерек ауданындағы колледж, Тайпақ колледжі, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі, Шыңғырлау колледжі, Бөкей ордасы колледжінен студенттер қатысуда.
Ең үздік жұмысшы мамандықтарын анықтау үшін 2 күн қатар 6 сарапшы қатысушылардың орындаған тапсырмаларының сапасын бағалайтын болады. Үздік деп танылған қатысушылар сәуір айының соңында Орал қаласында өтетін қорытынды шарада марапатталады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Өзек
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
05 Желтоқсан 2025
28 0
Медицина
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
04 Желтоқсан 2025
115 0
Өзек
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды
02 Желтоқсан 2025
148 0
Өзек
Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
22 Қараша 2025
455 0

Кіру
Пікір үстеу