8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Ақпан 2021 1258 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 83 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев мәлім етті. 

 

Облыста 1 қаңтар мен 18 ақпан аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 3 191 жағдай тіркелген, оның ішінде 2 049 жағдайда ауру белгілері бар болса, 1 142 жағдайда ауру белгілері жоқ.

1 ақпаннан бері COVID-19 инфекциясы бойынша 1354 жағдай анықталды. Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 654 адамда, науқастармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 450 адамда, профилактикалық мақсатта тексерілген 159 адамда және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 91 адамда анықталған.

1 ақпаннан КВИ жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған 1990 адам анықталып,  медициналық бақылауға алынды.

–  Кәсіби құрамы бойынша тіркелген жағдайлардың 31,9 пайызы жұмыс істейтін адамдар арасындағ 26,8 пайызы – зейнеткерлер, 23,1 пайызы – жұмыс істемейтіндер, 7,2 пайызы – оқушылар және мұғалімдер, медицина қызметкерлері, студенттер, балабақша тәрбиешілері, балалар арасында да анықталып отыр.  Облыс бойынша өткен тәулік ішінде, 18 ақпанда коронавирустық инфекциямен 83 жағдай тіркелді, – деді М.Арыспаев.

Оқу жылы басталғалы COVID-19 инфекциясы мектепте дәстүрлі форматта оқитын 212 оқушыда, қашықтан оқитын 209 оқушыда, барлығы 421 оқушыда анықталды. Үшінші  тоқсанда (11 қаңтардан бастап) оқушылар арасында COVID-19 инфекциясы 207 (114-дәстүрлі форматта, 93-қашықтан оқитын) оқушыда анықталды. 12-18 ақпан аралығында қала және аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 4 мектеп карантинге жабылды.

Айта кетейік, індет басталғалы Батыс Қазақстан облысында COVID-19-дың  12 412 жағдайы тіркелді. Індеттен 9 970 адам сауығып, 199 адам қайтыс болды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»