8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қараша 2020 947 0
Өзек

БҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 41 АДАМНАН КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысы бойынша коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі  ұйымдастырған брифингте  БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтып берді.  

Облыс бойынша COVID-19 7912 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдармен – 3889, симптомсыз – 4023 жағдай, сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1198,9 құрады. Індеттен 7134 адам сауығып, өкінішке орай 131 адам қайтыс болды.

1-26 қараша аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 888 жағдай тіркелген, оның ішінде 407 жағдайда ауру белгілері бар болса, 481 жағдайда – ауру белгілері жоқ.

Орал қаласы бойынша барлығы 567 жағдай анықталды, бұл барлық аурулардың 63,8% құрады. Бәйтерек ауданында – 130 жағдай, Бөрлі ауданында – 63, Шыңғырлау ауданында – 31, Теректі ауданында – 30, Казталов ауданында – 18, Жәнібек ауданында – 12,  Тасқала ауданында – 12, Жаңақала ауданында – 9, Сырым ауданында – 6, Ақжайық ауданында – 6, Қаратөбе ауданында – 3, Бөкей ордасы ауданында бір жағдай тіркелді.

Аталған жағдайлар жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 404 адамда (45,4%), ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 271 адамда (30,5%), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 131 адамда (14,7%) және профилактикалық мақсатта тексерілген 82 адамда (9,2%) анықталды.

–  Облыста өткен тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен 41 жағдай тіркелді, оның ішінде 22 жағдайда ауру белгілері бар болса, 19 жағдайда ауру – симптомсыз. Қарым-қатынаста болғандар арасында – 29, ЖРВИ белгілерімен тексерілгендер арасында – 10, профилактикалық мақсатта тексерілгендер арасында – 2 адамда анықталды,  – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

1-26 қараша аралығында облысымызда мемлекеттік шекарадан барлығы 21468 адам өтті, оның ішінде 3933-і – жолаушы, COVID-19 анықтамасынсыз – 423 жолаушы өткен. Анықтамасыз жолаушылар 3 тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР  әдісімен COVID-19 тест алынды, оның 7-еуінде тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. БҚО арқылы өткен 2 жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер саны – 7641, оның ішінде 4841 жүргізушінің анықтамалары бар. Ал 2800 жүргізушіде анықтама жоқ болуы себепті олардан ПТР әдісімен COVID-19 тест алынып, қорытындысында тест  23 адамда оң нәтиже көрсеткен.

Үстіміздегі жылдың қараша айынан бері облыс бойынша барлығы 38969 адам зертханалық тексеруден өтті, ал індет басталғалы – 200567 адамнан сынама алынған. Бүгінгі күні облыс ПТР диагностикасы үшін 56963 зерттеуге арналған 1139 тест-жүйесімен қамтамасыз етілген.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»