8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қыркүйек 2020 1014 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА ТЕАТРЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖАНДАНДЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ

Бүгін,  18 қыркүйек күні БҚО Бас мемлекеттік санитариялық-дәрігерінің орынбасары Н.Мұстаевтың «Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы №27-ПГВр «Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №29-ПГВр қаулысы жарияланды. Қаулы мәтіні төмендегідей:

«Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы № 27-ПГВр «Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысына (2020 жылғы 30 тамыздағы №28-ПГВр қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

8-тармақ келесідей мазмұндағы абзацтарпен толықтырылсын:

2020 жылдың 18 қыркүйектен бастап келесі нысандардың қызметін қайта бастау:

«- театрлар (толымдылығы 50%-ға дейін, бірақ 50 адамнан артық емес, InfoKazakhstan.kz порталда тіркелу, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);»;

«- ашық ауадағы кинотеатрлар (маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);»;

10-тармақтың 1-абзацы келесідей мазмұнда жазылсын:

«- мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 50% «қашықтықтан» жұмыс түріне көшіру (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер бар жағдайда), жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу;»;

10-тармақтың 7-абзацы келесідей мазмұнда жазылсын:

«- сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар толымдылығы нысанның сыйымдылығынан 30% артық емес (1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес), сағат 10.00-ден жұмыс ұзақтығын 22-00 сағатқа дейін ұлғайту;»;

10-тармақтың 9-абзацы келесідей мазмұнда жазылсын:

«- қоғамдық тамақтану нысандарына (сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін) ашық ауада (жазғы алаңдар) және үй-жайда ұжымдық іс-шараларды өткізбей (50 орынға дейін, үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс) жұмыс істеуге, сондай-ақ белгіленген уақыт аралығында жеткізу және шығарып беру қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат етіледі;»;

10-тармақтың 12-абзацы келесідей мазмұнда жазылсын:

«- балалар түзету кабинеттері, балаларға арналған білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар), жазылу бойынша, жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;»;

10-тармақтың 18-абзацы келесідей мазмұнда жазылсын:

«- халыққа қызмет көрсету нысандары: автожуу, ТҚКС, автокөліктерді жөндеу – сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;»;

10-тармақтың 20-абзацы келесідей мазмұнда жазылсын:

«Сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар), сауда желілерінің (оның ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттер мен дәріханаларды қоспағанда), жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметі демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрсын;»;

Келесідей мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:

«10-1. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды сақтай отырып, келесі объектілерге демалыс және мереке күндері қызметіне рұқсат беру:

– сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде, алдын ала жазылу бойынша);

– фитнес орталықтары, спорттық-сауықтыру нысандары, жаттығу залдары, спорт кешендері, СПА-салондары, сауналар, бассейндер (толымдылығы 30%-ға дейін, бірақ 50 адамнан артық емес, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау, алдын ала жазылу бойынша);

– ашық ауадағы аттракциондар (маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);

– діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей).».

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы қаулы қол қойған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық-дәрігерінің орынбасары Н. Мұстаев»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
359 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»