8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Сәуір 2020 1420 0
Өзек

БҚО-ДА ТӨРТ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін мемлекеттік  комиссияның шұғыл штабы Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған алты адамның тіркелгенін хабарлады. 

 

Коронавирустық инфекция табылған алты азаматтың екеуі – 23  және 24 жастардағы Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындары.  Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы «Сырым» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылған.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы анықталған 4 адамның екеуі – кіші медициналық қызметкер болса, екеуі – стационар қызметкері. Өздеріне дейін вирусты жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандықтан, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 6 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылған. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді.  27 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған 122 адам анықталды. Жеті науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 115 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында  ем алуда. Провизорлық стационарда – 20, карантиндік стационарда – 359, үй оқшаулауында – 1478 адам дәрігерлер бақылауында.

Облыстық денсаулық  сақтау басқармасы басшысы Болатбек Қаюповтың мәліметінше, бүгінгі күнге  12 медициналық қызметкердің  коронавирус жұқтырғаны тіркелді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
512 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»