8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2020 1592 0
Өзек

БҚО-ДА ТӨРТ КҮНДЕ АЛТЫ АДАМ СУҒА КЕТТІ

Қайғылы оқиғалар осы аптада, 4-8 шілде аралығында болған. БҚО ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковинигі Ақылбек Ахметжановтың мәліметінше, ауа-райы температурасының жоғарылауына байланысты су айдындарында шомылушылар қатары артқан. Алайда, қауіпсіздік сақтамау оқыс жағдайларға әкеліп отыр. Өкініштісі суда қаза болғандардың төртеуі бала.  

4 шілде  күні сағат 17.10-да Орал қаласындағы «Этих дней не смолкнет слава» ескерткіші маңында, Шаған өзенінде жабдықталмаған суға шомылатын жерде шомылу кезінде 2003 жылғы жасөспірім суға батып кеткен. Ол достарымен келген. Судың температурасы 19 -С болған.  Сағат 20.00-де  Орал қаласындағы ТЖД күшімен 2003 жылы туылған жасөспірімнің денесі табылып және судан шығарылды.

Дәл осы күні  сағат 20-05-те Орал қаласы, Пугачев көшесі Стелла маңындағы Жайық өзенінде ТЖД күшімен (4 қызметкер және 1 қайық) 1984 жылы туылған ер адамның  денесі табылып, судан шығарылды. Ол сағат 19-30-да жабдықталмаған суға шомылатын жерде шомылу кезінде батып кеткен. Жанында достары болған және  олар алкоголь ішкен, судың температурасы 19-С болған.

6 шілдеде Орал қаласы, Рыбцех ауылы Шаған өзенінде сағат 20.30-да жабдықталмаған суға шомылатын жерде шомылу кезінде алты жасар бала суға батып кеткен. Ол туысқандарымен бірге болған.  Сағат 21.04-те  баланың денесін туысқандары тауып, судан шығарды.

6 шілдеде сағат 22.00-де  Орал қаласы, Желаев ауылы маңындағы тереңдігі 3 метр болатын «Русские бани» қолдан жасалған су айдынында  жағадан 6 метр жерден, жергілікті тұрғындардың күшімен 2004 жылы туылған жасөспірімнің денесі табылып, ол судан шығарылды. Ол сағат 21.30-да жабдықталмаған суға шомылатын жерде шомылу кезінде батып кеткен. Қасында досы болған, судың температурасы 18С.

7 шілде күні сағат 18.00-де Орал қаласы Серебряков ауылы тұсындағы Көшім каналына 2009 жылғы қыз баланың батып кеткені туралы хабар түсіп, сағат 18.17-ден бастап  ТЖД ЖҚЖ күшімен (4 қызметкер және 1 бірлік техника)  кәмелетке толмаған қыз бала іздестірілді. Ол достарымен болған, судың температурасы 19 -С. Сағат 21.00-де жергілікті тұрғындар судан мәйітті тауып алды.

8 шілде күні сағат 08.51-де Теректі ауданы, Подстепное ауылы, Жайық өзенінің жайылмасынан (тереңдігі 2,5 метр, ені 45 метр), ТЖД ЖҚЖ күшімен (4 қызметкер, 1 жүзу құралы және 1 бірлік техника) 7 шілде күні сағат 22.00-де белгісіз жағдайда суға батып кеткен 1989 жылы туған ер адамның мәйіті табылды және судан шығарылды. Ол жағалауға достарымен бірге барған және спирттік ішімдік ішкен.

Жыл басынан бері облыс аумағында жалпы 10  адам суда сөз жұмған, оардың алатуы кәмелетке толмағандар. Ақылбек Ахметжановтың айтуынша, балаларға қатысты қайғылы оқиғалардың бесеуі –  ата-анасы тарапынан бақылаудың болмауы себебінен орын алған.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»