8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қаңтар 2020 1782 0
Қоғам

БҚО-ДА «ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

20 қаңтардан бастап Батыс Қазақстан облысы аумағында «Тұрмыс» атты жедел алдын алу шарасы басталды. Іс-шара аясында  Орал қ.ПБ ЖПҚб мен ЖПҚб кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды топтың  басшылары мен инспекторлары бірнеше іс-шаралар мен кешенді тексерістер, рейдтер мен акциялар  ұйымдастыруды жоспарлады.

23 қаңтарда Орал қ.ПБ ЖПҚб аға инспекторы полиция майоры Ақтоты Кушкинова, ЖПҚб ювеналды топтың аға инспекторы полиция майоры Мадина Құспанова, «Орал жастары» волонтерлық қозғалысының белсенді мүшелері Дулат Жүсіпқалиев, Ерлан Нагимов, учаскелік полиция инспекторының қоғамдық көмекшісі Қайролла Қарағойшиев, өзге де жауапты тәртіп сақшылары Орал қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына барды. Дағдарыс орталығының басшысы Талшынай Жүніс  орталықтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып, «Тұрмыс» ЖАШ аясында біркелкі іс-шараларды полиция басқармасымен бірлесе атқаруға уағдаласты. Одан әрі рейдке қатысушылар «Ескі аэропорт» ауданындағы бір көшеде шағын ғана вагон сынды кішкене бөлмені паналап отырған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасына барды. Отанасымен сөйлесіп, тұрмысымен жақынырақ танысты. Тәртіп сақшылары бұл отбасының күрмеуі қиын сұрақтарын шешуге қолғабыс жасайтындарын, әйел адамды қызметке орналастыруға да қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу орталықтарымен келіссөздер жүргізіп,  көмектесетіндерін айтты. Учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды топтың инспекторлары  өмірге құштар, барын  үйлестіретін, алайда тығырықтан шыға алмай, уақытша ғана қиындыққа төтеп беріп отырған отбасына өз күштерімен азық-түлік сатып апарып берді. Бұл отбасындағы оқушы ер бала  мектеп инспекторларының үнемі назарында, жауапты инспекторлар  сабағын қадағалап, мектебімен, ұстаздарымен байланысты үзбейді.

– «Тұрмыс» ЖАШ 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында өткізіледі.  Келесі рейд кезінде басқармаға есепке қойылған, үй иесі ішімдік ішіп,  жанұясының шырқын бұзатын тұлғаларды анықтап, заң аясында шара қолданатын боламыз, өткен жылдың 12 айында отбасылық-тұрмыстық қарым қатынастарға байланысты қылмыстар саны 15,4 пайызға төмендеді,- дейді полиция майоры  Ақтоты  Кушкинова.

Мадина Құспанованың айтуынша, былтырғы жылы Орал қ.ПБ сенім телефондарына тұрмыстағы зорлық- зомбылыққа қатысты 865 арыз қабылданған. 50 әйел дағдарыс орталығына орналастырылып, өзгелеріне психолоиялық және заң тұрғысынан кеңес берілген.

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»