8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қаңтар 2021 1198 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА ТҮЛЕКТЕРДІҢ 70 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ОҚУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ

         2021 жылдың 11 қаңтарында  оқу жылының ІІІ тоқсаны басталады. Осы тоқсаннан бастап жалпы білім беретін мектептер 3 формат бойынша оқуды ұйымдастырады. Олар – штаттық, қашықтан, аралас форматта. 

БҚО білім басқармасы мәлім еткендей, қазіргі уақытта  облыс бойынша 379 күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп жұмыс жасайды. Облыста эпидемиологиялық жағдайы тұрақты 300 адамға дейінгі шалғай ауылдық елдімекендердегі жалпы 256  мектептерінде 23645 оқушы штаттық режимде, 122 мектепте  аралас режимде 87471 оқушы, 1 мектепте 12 оқушы қашықтан оқиды.

Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 5, 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта оқу жұмысын ұйымдастырады. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия және тарих пәндері мектепте оқытылады. Яғни, барлық пәннің 70 пайызы штаттық форматта өтеді. Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр түрлі сыныптар үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтіліп, пәндердің 30 пайызы қашықтан оқытылады.

– Биылғы жылы 9 сыныпты 8 679, 11 сыныпты биылғы жылы 5733 түлек аяқтайды деп жоспарлануда. Қазіргі  уақытта өңірдегі 379 мектептің 256-сы штаттық режимде оқуда. 122 мектеп 87 471 оқушымен аралас форматта оқытуда. ІІІ тоқсан бойынша оқуды бастау жұмыс жоспары анықталды. Яғни, ата-аналардың өтініштері негізінде  мектептер өз сабақ кестелерін жасақтауда. 1-4 сыныптар бұған дейінгі форматта, яғни мектепке барып оқуды жалғастыра береді. 9, 11 сыныптар бойынша, қазіргі уақытта 9 сыныптар бойынша 8679 бітіруші болса, олардың 6698 оқушының ата-анасы штаттық режимде оқытуға өтініш берді. Ал 11 сынып бойынша 5733 оқушының 4316-сы өтініш берді, – деді бүгінгі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде BQO BILIM News парақшасында онлайн қабылдау өткізген БҚО білім басқармасы басшысы Айгүл Мыңбаева.

Сонымен қатар бітіру сыныптары түлектерін оқу жылының соңында қорытынды аттестаттау, олардың колледждерге түсу үшін кешенді емтихандар мен жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыратыны ескере отырып дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»