8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қаңтар 2019 4133 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА ҮШ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

БҚО-да төрт мектеп үш ауысымда жұмыс жасауда. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова өңірдегі апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесінің шешілуі туралы айтты.

2018 жылы облыста 7 білім нысанының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Атап айтқанда, Орал қаласы Деркөл кентінде 600 орындық мектеп,  Зеленов ауданы Дариян ауылында 100 орындық мектеп жанындағы интернатымен 300 орындық мектеп, Орал қаласының Зашаған кентінде  900 орындық мектеп, Ақжайық ауданының Шабдаршап ауылында 198 орындық  мектеп,  Бөкейордасы ауданы Сайқын  аулында 70 орындық интернат, Қазталов ауданы Қазталов ауылында саз мектебі, Бөрлі ауданының Ақсай қаласында 240 орындық балабақша пайдалануға берілді.

Бүгінде Теректі ауданының Сары Өмір ауылында 48 орындық сауықтыру лагері ғимаратының құрылысы жалғасуда.

2018-2019 оқу жылының басында облыста 5 апаттық жағдайдағы мектеп жұмыс жасады. Олар – Орал қаласы бойынша  №31, 33 орта мектептер, Ақжайық ауданы Абай атындағы гимназиясы және М.Өтемісов атындағы орта мектеп,  Қазталов ауданы А. Оразбаева атындағы орта мектеп. Мектептердің апаттылығын жою мақсатында 2 мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген.  Яғни биыл Қазталов ауданы Қазталов ауылында 600 орындық А.Оразбаева атындағы орта мектеп, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 300 орындық мектептің құрылысы басталады.

Шолпан Маратқызының айтуынша, 2018-2019 оқу жылының басында 5 үш ауысымды мектеп анықталса, 2018 жылдың 4 тоқсанында Зашаған кенті Сарытау шағынауданында 900 орындық №50 мектеп пайдалануға беріліп, үш ауысымды мектептер саны 1 бірлікке азайған.

Қазіргі таңда, Орал қаласының аумағында орналасқан 4 мектеп үш ауысымда жұмыс жасауда. Биыл  Орал қаласы Зашаған кентінде №51 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Осылайша, үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешу жұмыстары жалғасатын болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»