8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Желтоқсан 2018 4806 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІЛУДЕ

Бүгін Орал қаласы Сарытау шағынауданында жаңа мектеп ашылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған мектеп 900 орынға арналған.

Білім ұясының ашылуына облыс әкімі Алтай Көлгінов, қала басшысы Мұрат Мұқаев, кент тұрғындары, білім саласының қызметкерлері қатысты.

– Осы мектептің ашылуымен Зашағандағы №10 және 47 мектептердегі үш ауысымда оқыту мәселесін шештік. Елбасымыздың біздің алдымызға қойған үш ауысымды мектептер мәселесін шешу тапсырмасының орындалуының нәтижесі – осы. Енді апатты жағдайдағы білім ұяларын шешу міндеті тұр. Ол үшін құжаттамалары дайын. Алдағы көктемде және жазда жаңа мектептер құрылысы басталады. Мәселен, Ақжайық ауданы орталығында 300 орындық интернатымен жаңа мектеп салынады. Қазталовтағы Алма Оразбаева атындағы мектептің орнына 600 орындық мектеп салынады. Сондай-ақ осы Зашағанда  №51 орта мектеп салынады. Осылайша, үш ауысымда оқыту мәселесі оң шешіледі, – деген Алтай Сейдірұлы кент тұрғындарын, білім саласы қызметкерлерін Тәуелсіздік күнімен, жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

Бұл мектептің салынуын кент тұрғындары ұзақ күткен болатын. Ардагер-ұстаз Мәрзия Аженова кентте заманауи үлгіде салынған мектеп үшін Елбасына, облыс басшысына алғысын білдіріп, білімді шәкірттердің көп болуын тіледі.

Мектеп құрылысын жүргізген «Жиенбай» ЖШС басшысы Александр Қарағойшин  жаңа ғимараттың кілтін салтанатты түрде мектеп басшысына табыс етті. Дәстүрлі лента қию рәсімі Мәрзия Төлебайқызы мен үздік оқушы Даргүл Өмірзақоваға ұсынылды.

Бұдан соң шақырылушы қонақтар, ата-аналар, мектеп оқушылары білім ұясын аралап көрді.

Тоғыз блокты мектеп кешенінде 12 оқу сыныбы, 9 әмбебап бөлме, екі спорт зал, 294 орындық мәжіліс залы, 156 орынға арналған асхана, еңбек сабақтарына арналған шеберханалар бар. алты мультимедиялық , төрт информатика кабинеті бар. География, биология кабинеттері лабораторияларымен жабдықталған. Жоғарғы қабатта желдету құрылғылары, сынып бөлмелеріне қол жуғыштар қойылған.

 

 

 

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»