8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Маусым 2020 1181 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛҒАНДАР 800-ГЕ ЖЕТТІ

Батыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. БҚО-дағы эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып тұр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мұстаев айтты. 

21 маусым күні 32 адам корорнавируспен ауруханаға  жатқызылды. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша олардың жетеуі ауру анықталғандармен қарым-қатынаста болғандар, алтауы – эпидемиологиялық қадағалау бойынша, 19-ы  – өздігінен медициналық көмекке жүгінген.

22 маусымы бойынша облысымызда коронавирус инфекциясымен 1157 жағдай 552 ошақта тіркелді. 100 тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші – 176,2 құрады.

– 1 маусымнан 21 маусым аралығында облысымызда коронавирус инфекциясымен 487 жағдай тіркелді. 21 маусымға аурушаңдықтың өсім көрсеткіші 2,8%, 20 маусымда 2,7%, 19 маусымда 2,4% көрсетті. 23 аптада орташа өсім көрсеткіші 2,4%, ал 24 аптада 2,6% құрады. 1 – 20 маусым аралығында облысымызда коронавирус жұқпасына 8 363 адам тексерілді, – деді Нұрлыбек Мұстаев.

Бүгінгі күні коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбі Орал қаласында тіркелген, дегенмен аудандарда да аз емес. Мәселен,  Ақжайық ауданында – 15 жағдай, Бөкей орда ауданында – 9 , Бөрліде – 25, Жаңақалада – 7, Жәнібекте – 15, Бәйтеректе – 56, Қаратөбеде – 3, Сырымда – 20, Тасқалада – 34, Теректіде – 28, Шыңғырлауда – 2, ал Орал қаласында – 943 жағдай тіркелді.

Жалпы облыс бойынша коронавирус инфекциясымен 1157 науқас тіркелген болса, бүгінде 800-і жазылды. алты адам осы індеттен көз жұмды.

Қазіргі уақытта провизорлық стационарда – 40, карантиндік стационарда – 191, үй оқшаулауында – 344 адам дәрігерлер бақылауында.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»