8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2020 1932 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА КҮШЕЙТІЛГЕН КАРАНТИНДІК РЕЖИМ ЕНГІЗІЛДІ

Коронавирустық инфекциясының өршуіне байланысты індеттің таралуының жолын кесу мақсатында Батыс Қазақстан облысында күшейтілген карантиндік режим енгізілді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің Aqjaiyq телеарнасындағы баспасөз орталығында өткен брифингінде айтылды.

 

Карантиндік шектеу шаралары 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап енгізілмек (30 наурыздан 31 наурызға қараған түн). Осы уақытқа дейін тұрғылықты мекенжайынан ауыл-аймаққа немесе басқа елдімекендерге кетіп қалғандар арнайы өткізу бекеттері арқылы тексеріліп, қайта кіретін болады.

– Режимдік карантин – коронавирустың өршуін тоқтату үшін маңызды болып отыр.  Облыс орталығы мен аудан-ауылдардағы барлық қызмет көрсететін мекемелер жұмыстарын тоқтатады. Атап айтқанда, азық-түліктік емес сауда орындары, қонақүйлер, салондар және басқалары. Банктік ұйымдардың 50 пайызы қызметтерін шектеуі тиіс. Тек адамдардың тіршілігі үшін маңызды саналатын нысандар жұмысын жалғастыра алады.  Карантин кезінде дезинфекция жұмыстары күшейтіледі. Әсіресе, азық-түлік базарлары мен дүкен-супермаркеттер, адамдар көп шоғырланатын саябақтар, тұрғын-үйлердің маңында күнбе-күн дезинфекция жүргізілетін болады, – деді облыстың мемлекеттік бас санитарлық-дәрігері Мұхамғали Арыспаев.

Қала әкімі Абат Шыныбековтың айтуынша, карантин кезінде азаматтарға қалаға келуге және шығуға тыйым салынады. Қаланың ішінде қозғалысқа да айтарлықтай өзгерістер енгізіледі. Нақтырақ айтқанда, қала тұрғындары үйлерінен тек азық-түлік немесе дәрі-дәрмек, медициналық заттар алу үшін шыға алады. Онда да үй маңынан екі шақырымдық қашықтықтан ұзамауы керек. Сондай-ақ жұмысқа барып-келуіне рұқсат бар. Дегенмен, жұмыс орны басшысының анықтамасы болуы тиіс.

– Жедел штаб бекіткен алдағы уақытта жұмыс жасайтын салалар бойынша қызмет орындарының басшылары қызметкерлеріне өзі немес кадр бөлімі қол қойған арнайы үлгідегі анықтама береді. Ол анықтамада мекеме атауы, қызметкердің аты-жөні, жұмыс орны басшысымен байланыс туралы деректер көрсетілуі тиіс. Азаматты құқық қорғау қызметкері тоқтатқан кезде ол осы анықтаманы ұсынуы керек, – деді Абат Абайұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»