8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Шілде 2026 345 0
Экономика

БҚО-да энергия тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Өңірде энергия тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар кеңес отырысында қаралды. Жиында мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну деңгейі, электр желілерінің жай-күйі және үнемдеу шараларының нәтижелері талқыланды.

Бүгінде облыста 1087 нысан мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілген. Өткен жылғы мониторингте 648 мекеме тексеріліп, оның 293-інде энергияны белгіленген мөлшерден артық пайдалану фактілері анықталған.

Аймақта электр желілерінің тозу деңгейі 75,43%-ды құрайды. Соған қарамастан, соңғы үш жылда электр энергиясының техникалық ысырабы 15,41%-дан 13%-ға дейін төмендеген. Бұл көрсеткішті тағы 1%-ға азайту жыл сайын шамамен 30 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысында өңірдегі энергия тиімділігін арттыру жұмыстарын жүйелі жалғастыру, мемлекеттік мекемелерде энергия тұтынуды тұрақты бақылауда ұстау және энергия үнемдейтін технологияларды кезең-кезеңімен енгізу міндеттері айқындалды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұл бағыттағы жұмыстар барлық мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында болуы тиіс екенін атап өтті.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
252 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
292 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
328 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
526 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»