8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Шілде 2019 1538 0
Қоғам

БҚО-ДА ІРІ ҚАРА КӨБЕЮДЕ

ҚР ҰЭМ СК Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер туралы мәліметтерді ұсынды. Департаменттің есептік мәліметіне сүйенсек, ауыл шаруашылығының көрсеткіштері жақсарып келеді. Ірі қара мен жылқы көбеюде. Бірақ, үй жануарларының басқалары едәуір азайған.

І жартыжылдық бойынша тұтастай облыс бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы 48 537,5 млн. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгейден 1,5 пайызға жоғары.

2019 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі облыс бойынша 48 484 млн.теңгені құрады, оның ішінде 90,6 млн. теңге өсімдік шаруашылығы өнімдері және 48 312,9 млн. теңге мал шаруашылығы өнімдері. Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 2018 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 101,5%-ды, өсімдік шаруашылығы – 100%-ды құрады.

Облыстың барлық шаруашылық санаттары бойынша 2019 жылғы қаңтар-маусымда 44,5 мың тонна (2018 жылдың осындай кезең деңгейіне 103 пайыз) мал мен құс (тірі салмақта) союға өткізілген немесе шаруашылықта сойылған, 120,2 мың тонна (100,9 пайыз) сиыр сүті сауылған, 91,1 млн. дана (101,6 пайыз) тауық жұмыртқасы өндірілген, 1,8 мың тонна (98,4 пайыз) қой жүні қырқылған.

Негізгі ет өндірушілер – Бәйтерек, Ақжайық, Жаңақала, Қазталов аудандарының шаруашылықтары. Сүт өнімінің қомақты көлемі Бәйтерек, Теректі, Ақжайық, Қазталов аудандарының шаруашылықтарында өндірілген. Тауық жұмыртқасының өндірісі Орал қаласы маңындағы аумақтарда және Бәйтерек ауданының шаруашылықтарында шоғырланған. Қой жүнінің басым бөлігі Қазталов, Ақжайық, Сырым, Бөкей ордасы ауданының шаруашылықтарында қырқылған.

Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемінде жұртшылықтың жеке қосалқы шаруашылықтарының үлесі басымырақ, бұл шаруашылық санаттары мал мен құсты союға өткізу көлемінің 48,6 пайыз, сүт өндірудің – 70,6 пайызды иемденіп отыр.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдайы бойынша ірі қара мал басының саны 648 мың басты (2018 жылдың сәйкес мерзімі деңгейіне 104,9 пайыз), қой – 1197,3 мың басты (95,6 пайыз), ешкі – 231,6 мың басты (93,8 пайыз), жылқы – 198,9 мың басты (105,6 пайыз), шошқа – 22 мың басты (88,7 пайыз), түйе – 2,3 мың басты (86,7 пайыз), құс – 1564,4 мың басты (107,5 пайыз) құрады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»