8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Шілде 2020 1532 0
Өзек

БҚО-ДА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ САТҚАНДАРҒА ЖӘНЕ БАҒАНЫ КӨТЕРГЕНДЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

5 шілде мен 22 шілде аралығында Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне дәрілік заттар айналымы саласындағы бұзушылықтар бойынша полиция департаменті, ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті және Экономикалық тергеу департаментінен  барлығы 42 материал түскен.

Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, түскен материалдар бойынша Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 424-бабының 1-бөлігі бойынша лицензиясыз қызмет үшін 5 жеке тұлғаға жалпы 34 725 тг. айыппұл салынған. Бір материал қаралу үстінде.

Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 426-бабының 1-бөлігі бойынша препараттарды шекті бағадан асырып сатқаны үшін  «Мендыбаева Ж.Г.»ЖК  және «Адема-Фарм» ЖШС-ға жалпы мөлшері  361 140 теңге айыппұл салынған.

Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің  426-бабының 3-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілмеген дәрілік заттарды сату бойынша 20 материал арнайы әкімшілік сотқа жіберіліп, бес материал бойынша ( «Ботова И.П.» ЖК,  «Калугина В.М.»ЖК, «МедМаркет-Эксперт» ЖШС және екі жеке тұлғаға) 100-ден 300-ге дейінгі АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру бойынша  Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 463-бабының 1-бөлігі бойынша үш материал сотқа жіберіліп, бір іс бойынша («Нобел АФФ» АҚ) 150 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Қалған материалдар қаралу үстінде.

Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті  облыс  тұрғындарына дәрілік препараттарды жоғары бағамен сатуды жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет субъектілерінің (дәріханалардың) құқыққа қайшы іс-әрекеттері туралы белгілі болса, 8 (7112) 51-27-66 телефоны арқылы хабарлауларын сұрайды.

Дәрі-дәрмектердің шекті бағасын DARI.KZ сайтынан білуге болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»