8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қараша 2018 2169 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА «ҚАЗІРГІ ЗАМАН ҚАҺАРМАНЫ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

12-16 қараша аралығында Батыс Қазақстан облысында VI республикалық «Қазіргі заман қаhарманы» акциясы ұйымдастырылады.

Бұл акцияға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшылығы, өзге де облыстық полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары, өз өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан ержүректік көрсете отырып, азаматтардың өмірін құтқарған ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысады.

Акцияның мақсаты – бейбіт өмірде адамдар өмірін құтқаруда батырлық пен ержүректік көрсеткен қызметкерлердің ерліктерін кейінгі ұрпаққа насихаттау және оларды патриоттыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, ішкі істер органдарының имиджін арттыру, халық пен ішкі істер органдары арасындағы байланысты одан әрі нығайту болып табылады.

Республикалық акция 12 қараша күні ашылады. 4 күнге созылатын акция барысында қатысушылардың Орал қаласы мектептерінің оқушыларымен, Теректі, Ақжайық, Зеленов, Бөрлі, Сырым аудандарында ардагерлермен, халық қалаулыларымен, мектеп оқушыларымен, полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесулері ұйымдастырылады. Іс-шара 16 қараша күні қорытындыланып, қаһармандар мен акция қатысушылар марапатталады.

Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының 780 қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты, 2378 қылмыскерді ұстау кезінде жарақат алды, 1273 ІІО және  Ұлттық Ұланның қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды, олардың 130-ы ерлікпен қаза тапқаннан кейін марапатталған.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»