БҚО-да алаяқ әйел үй алып беремін деп 23 адамды алдап кеткен
Ақсай қаласында тұратын алаяқ әйел үй алып беремін деп 23 адамды алдап, 15 млн. теңгеге отырғызып кеткен.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 45 жастағы әйел өзінің жымысқы әрекетін 2020 жылдың көктемінде бастаған.
Үй алып беремін дегенге сеніп қалғандардың арасында Орал, Алматы, Атырау қалаларының тұрғындары бар. Алаяқтың қасында сыбайласы болған.
Жәбірленушілерге келтірілген залал мөлшері 15 млн. теңгеден асқан.
«Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде. Егер одан жапа шеккендер болса, жергілікті мекенжайы бойынша полиция бөліміне шағымдана алады», деп хабарлады ведомстводан.

https://www.inform.kz/kz/bko-da-alayak-ayel-uy-alyp-beremin-dep-23-adamdy-aldap-ketken_a3797080
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу