8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Ақпан 2020 1928 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай шаралар салтанатты түрде ашылды.

Ұлы ақын, философ, сазгер Абай Құнанбайұлының  175 жылдығына орайластырылған «Абай – халықтың рухани қазынасы» атты салтанатты  ашылу шарасы Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылды. Театр фойесінде «Абай әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қазақ үй төрінде «Ардагерлер» ансамблі  Абай әндерін орындап, келушілерді күтіп алды. Салтанатты шара Абайдың «Сегіз аяқ» әнімен ашылды. Одан соң Абайдың адамзат руханияты туралы өлеңдерінен қойылым ұсынылды. Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі сазгердің «Торжорғасын» орындады.

–   Бүгінгі қоғамда ұлттық сананы оятып, рухани бағыт берер басты Темірқазығымыз – Абай Құнанбайұлы. Оның шығармаларының қайсысын алып қарасақ та, бұдан бір жарым ғасыр бұрын жазылғанымен, осы күнге дейін өзекті болып отыр. Қара сөздері мен өлеңдері тұнып тұрған философия. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» деп Сұлтанмахмұт Торайғыров тегін айтпаса керек. Рухы мықты жас ұрпақты тәрбиелеу үшін Абайдың құдіретті сөзі қажет. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да,тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты» деп жазды. Абай Құнанбайұлы – гуманист ақын. Ол дінге, ұлтқа, әлеуметтік жағдайына қарамай, «Адам адамды сүйе білуі керек» деген идеяны берік ұстанған. Бұған «Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз» деген сөздері дәлел болады. Осы өлең жолдарында ұлт достығы мен татулықты жырлап, басқа түскен қиындықты бірге жеңуге шақырған. Абай тағылымы –  таусылмайтын дастан, мәңгілік мұра. Абайды алдымен өзіміз танып, одан кейін ұрпағымызға танытайық. Өңірдегі басталып жатқан шараладың мән-мағынасына терең бойлап, тиісті деңгейде өткізуге тілектеспін, – деп салтанатты  шараны алғы сөзімен ашқан облыс басшысы Ғали Есқалиев ұлы ақынның мерейтойы аясында жыл ішінде мазмұнды шаралар, мәнді жобалар өткізілетінін атап өтті.

Кеш барысында Ахмет Жұбановтың Абай операсындағы «Қарлығаш» әніне қойылған хореографиялық композиция ұсынылды. Абайдың қара сөздері мен поэзиясы, өзге тілге аударылған шығармалары оқылып, әндері шырқалды. Ал «Көзімнің қарасы» әнін М.Өтемісов атындағы БҚМУ және Құрманғазы атындағы саз колледжінің хоры залға жиналған көрермендермен бірге орындады.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Мыңбаеваның айтуынша, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай облыста 800-ден аса іс-шара жоспарланған. Оның 115-і ауқымды шаралар. Халықаралық деңгейде 4, республикалық деңгейде 6 шара өтеді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»