8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қаңтар 2021 1430 0
Өзек

БҚО-ДА АҚ ХАЛАТТЫЛАР ЖЕТІСПЕЙДІ

Жергілікті билік уәдені үйіп төгіп, жағдай жасауға тырысуда. Бірақ дәрігерлер бәрібір ауылға баратын емес. Ал ем-дом іздеген оралдықтар болса Ресей асып жүр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі келтірген дерекке қарағанда биыл 4 мың оралдық көрші елге барып қайтыпты.

Оралда білікті дәрігердің аздығынан тиісті деңгейде ем-дом ала алмай жүргендер көбейді. Солардың бірі – Нәсіп Байғалиев. Ол – қате қойылған диагноз кесірінен мүгедек болып қалған. Денсаулығын Ресейге барып зорға түзепті. Рентген түсірілімін ажырата алмаған оралдық дәрігерлерге Нәсіп Байғалиевтың өкпесі қара қазандай.

– Аяғым сынған, оны маған «сіңірің созылған» деді. Айналып келгенде асық жілігім сынған екен. Сегіз жыл жүрдім. Аяғымды емдету үшін бармаған жерім жоқ. Алматыда болдым, Ақтөбеде болдым, Қызылордада алтын инеде болдым. Саратовқа бардым: «6 ай жатасың, 6 айдың ішінде жасап берем» деді. Жасап берді де: «Иди гуляй!» деді,–  дейді Нәсіп Байғалиев.

Дәрігер тапшылығы өңірдің бас ауруына айналғанын басқармадағылар мойындайды. Бос орын емдеу мекемелерінің барлығында бар. «Баспана береміз» дегеннің өзінде мамандар ауылға баратын емес. Дәрігерлер аудандарда ғана емес облыс орталығында да жетпейді. БҚО денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерді басқару қызметінің басшысы Марат Хайруллиннің айтуынша, білікті мамандар жеке клиникаларға ауысып кеткен.

– Бүгінгі таңда облыс бойынша 245 дәрігер маман жетіспейді. Оның ішінде 84-і жалпы тәжірибе дәрігері, анестезиолог-ревматолог, акушер-гинекологтар тапшы,– деді  Марат Хайруллин.

Ақ халаттылардың аздығынан оралдықтар ем-дом іздеп, Ресей асып жүр. Шекарашылар келтірген дерекке қарағанда 2020 жылы көрші елге 4 мың адам барып қайтыпты. Дені – бір балаға зар болғандар. Асқазаны ауырып жүйкесі жұқарғандар да, онкологиялық дертке шалдығып аллергиясы асқынғандар да Ресейге барып жүр екен. №5 қалалық емхананың директоры Тимур Әжіғалиевтің берген мәліметіне сүйнер болсақ бұл мәселе жуық арада шешімін таппайтындай.

– Халық «жыл сайын оқу бітіретін жүздеген түлек қайда кетеді» деп жиі сұрап жатады. Жастар жұмысқа шықса да, тұрмыс құрып, жүктілігіне байланысты 3 жылға декреттік демалысқа кетеді. Осындай жағдай жыл сайын қайталанып, маман тапшылығы әлі шешілмей келеді,– деді №5 қалалық емхананың директоры Тимур Әжіғалиев.

Өткен жылы өңірге 119 жас маман келген. Ал биыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы болашақ дәрігерлерді жергілікті бюджет есебінен көбірек оқытуға күш салмақ. Сонымен қатар оларға арнап, үй мен жатақхана салуды да жоспарлапты. Бірақ бұл жоспардың қаншалықты өміршең болары әзірге беймәлім.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»