8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2021 2713 0
Жалын

БҚО-ДА 500 СТУДЕНТ ҚҰРЫЛЫС ЖАСАҚТАРЫНДА ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮР

Орал қаласында құрылыс қарқынды. Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салынуда. Осы жұмыстардың басы-қасында кәсіби құрылысшылармен қатар студент-жастар да еңбек етіп жүр.

Бүгінде «Жасыл ел» студенттік құрылыс жасақтары қатарына облыс бойынша 500 сарбаз алынған болса, 250-і Орал қаласындағы өндірістік-құрылыс компанияларына жұмысқа орналасқан. «Жасыл ел» өңірлік штабының жетекшісі Аслан Тапишевтың айтуынша, сарбаздарға жалақыны жұмысқа тартқан компаниялар төлейді және штабтан 35 394 теңге төлеу қарастырылған.

– Студенттік құрылыс жасақтары қатарында еңбек етуге ниеттілер көп. Сонымен қатар құрылыс компаниялары де жастарды өздеріне ерте  жастан тәрбиелеп  алуды мақсат тұтады,  – дейді Аслан Нұрланұлы.

«СКФ Отделстрой» ЖШС-де  жасылелдік 30 өрен жұмысқа кірісіп, әр түрлі бағыттағы құрылыс істерін атқаруда. «Болашақ» ЖШС 30 сарбазды, «Айтемір» ЖШС 30 сарбазды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанынан құрылған студенттік жасақтарда 123 адам еңбек етуге мүмкндік алды.   Олар тас төсеніштерді шығару, оларды төсеу жұмыстарымен қоса оқу ғимаратына жөндеу жұмысын жүргізуде. Құрылыс жасағындағы сарбаздардың бірі – Ерасыл Байзақов. Жәңгір хан университетінің Индустриалды-технологиялық институтында оқитын  студент құрылыста еңбек ету болашақ мамандығына тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берерін айтады.

–  Болашақ мамандығым – құрылыс инженері. Биыл бірінші рет «Жасыл ел» жасағында жұмыс істеудемін. Негізінен университеттегі  құрылыс-жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқандықтан, бұл маған мамандығым бойынша тәжірибе жинақтауға да үлкен көмек.  Сонымен қатар жазғы демалыстағы уақытымды тиімді пайдаланып, табыс тауып жүрмін. Жалпы «Жасыл ел» бағдарламасы – жастар үшін үлкен мүмкіндік. Келесі жылы да осы бағдарлама бойынша жұмыс істеу ойымда бар, – дейді сарбаз.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»