БҚО-да 43 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр
Батыс Қазақстан облысында бүгінде тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны 43 663 адамды құрайды. Олардың 28 812-сі – Орал қаласында, ал 14 851 адам – облыс аудандарында тіркелген. Кезекте тұрғандардың 11 424-і әлеуметтік жағынан осал топтарға жатады.

Облыста тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылып жатыр. Биыл коммуналдық тұрғын үй қорынан 776 пәтер беру жоспарланған. Сонымен қатар жалға алынған баспана үшін төленетін ақының бір бөлігін субсидиялау бойынша бюджеттен 50 млн теңге қарастырылған.
Тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі арқылы да баспанамен қамту жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылы «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламалары аясында Орал қаласында 5 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 390 отбасы пәтер алды. Ал 2026 жылы «Отбасы банк» АҚ арқылы 630 пәтерді бөлу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қанат Амангелдіұлы мәлімдеді. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық қарыз беру жұмыстары да жалғасып жатқанын атап өтті.
Биыл жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздары арқылы 1 200 пәтерді салу немесе сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ипотекалық несие бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға 480 млн теңге қарастырылған. Осылайша, өңірде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Жаңа пәтерлер салу, ипотекалық бағдарламалар және қаржылай қолдау тетіктері арқылы тұрғындардың баспаналы болу мүмкіндігін арттыру көзделіп отыр.
Жайық үні
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады – «Жер сағаты» акциясы өтеді
Глава государства вручил звание «Қазақстанның Еңбек Ері» Ерванду Ильинскому 27 марта 2026 года
Будущее рынка ГСМ: эксперты обсудили вызовы либерализации ценообразования
Жанармай нарығының болашағы: сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады
Запрет на смартфоны в школах Нидерландов: стали ли дети лучше учиться?
Дешёвый бензин в Казахстане: преимущество или ущерб экономической эффективности
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Аймақ басшысы ардагер журналист Роза Сыйықоваға сый-құрмет көрсетті
Реализация инициативы Президента «Таза Қазақстан»: 1,6 млрд высаженных деревьев и лесомелиорация на площади более 1 млн га

Кіру