Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның маңызды жаңалықтарының бірі – тұрғын үйге қол сұғылмаушылық кепілдігінің күшейтілуі болды. Осылайша, Негізгі заңда тұрғын үйден шығару тек сот шешімі бойынша ғана жол берілетіні тікелей бекітіледі.

Сонымен қатар, бұл норманың Қазақстан заңнамасы үшін жаңалық емес екенін түсіну қажет. Бұл ереже 1997 жылдан бері өзгеріссіз «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңда реттелген. Осылайша, тұрғын үйден шығару сот тәртібімен шамамен 20 жыл бойы меншік иелеріне де, жалға алушыларға да қатысты қолданылып келеді.
Оған конституциялық мәртебе беру мемлекет тарапынан азаматтарды негізсіз тұрғын үйден шығарып жіберуден қорғауды ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуге ұмтылысын ғана растайды.
Сонымен бірге, заң бойынша тұрғын үй иесі өз мүлкін басқаруға, соның ішінде оны босатуды талап етуге басым құқыққа ие. Мысалы, егер жалға алушы шарт талаптарын бұзса – жалдау ақысын төлемесе, төлем мерзімдерін бұзса немесе мүлікке зиян келтірсе, онда меншік иесі шартты бұзып, тұрғын үйді босатуды талап етуге толық құқылы. Мәжбүрлеп шығару заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек, тұрғын үй қатынастары азаматтық шарт негізінде құрылады. Заң меншік иесіне артықшылық береді – ол шартта адал емес жалға алушыларды шығару үшін кез келген негіздерді өзі белгілей алады. Заң, өз кезегінде, жалға алушы өз міндеттемелерін сақтамаған жағдайда, мәжбүрлеп шығару үшін сот тақылауының механизміне кепілдік береді. Сондықтан келісімшарт тарапы жалдау шарттарының талаптарына мұқият болу керек.
Негізінен, сот арқылы шығару рәсімі – бұл меншік иесінің еркін және жалға алушының тұру шарттарын сақтауын растайтын ресми процесс, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда меншік иесіне өз тұрғын үйін заңды түрде босатуға мүмкіндік береді.
Осылайша, жаңа конституциялық кепілдік бір жағынан меншік иесінің құқықтарының басымдығын ең жоғары деңгейде түпкілікті бекітеді, тұрғын үйден шығару процесін барлық тараптар үшін ашық әрі болжамды етеді, ал екінші жағынан – азаматтарды негізсіз тұрғын үйден шығарып жіберуден қорғайды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Тарихи оқиға – Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді
Киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келуде
Сақ болыңыз: сайлау қарсаңындағы анонимді сауалнамалар – әлеуметтанулық зерттеу емес, ықпал ету құралы
Жаңақала ауданында ардагерлер мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас өтті
Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті
Ақжайық ауданында жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтары талқыланды
Ақжайық ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті
Казахстан развивает ядерные технологии не только в энергетике, но и в медицине, промышленности, экологии и науке
«Донат» үшін ойдан құрастырылған оқиға бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталды
Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы астаналық сотталды
Құрылтай сайлауы өткен соң, 145 депутат заң шығарушы органға 5 жылға жайғасады

Кіру