Наурыз тойының жаңа моделі: дәстүр мен технология синтезі
Қазақстанда Наурызды тойлаудың жаңа моделі қалыптасып келеді.

Мұндай үлгіде дәстүр мен заманауи технологиялар бірге қолданылады: мәдени мұраны цифрлық форматта жаңаша ұсынудан бастап, инновациялар арқылы азаматтарды тарту және заманауи ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға дейінгі үдерістер қамтылған.
Наурызнама аясында еліміз бойынша 7 мыңнан астам іс-шара өтті, олар барлық өңірлерді қамтыды. 10 күндік мерекеге жалпы 4,2 млн адам қатысса, оның ішінде негізгі күндері — 21–22 наурызда — шамамен 1,5 млн адам қамтылды. Сонымен қатар, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар арқылы жалпы онлайн қамту 14 млн желі пайдаланушыны қамтыды.
Цифрлық форматқа ерекше назар аударылды. Digital Nauryz бастамасы аясында 1 мыңнан астам іс-шара жүзеге асырылып, бірыңғай цифрлық платформаға 80 мыңнан астам қолданушы тартылды.
Жаңа модельдің негізгі элементтерінің бірі — «цифрлық киіз үйлер». Мұнда дәстүрлі мәдениет заманауи технологиялар арқылы ұсынылды. LED-контент, VR-аймақтар, AI-жобалар, 3D-принтерлер және интерактивті шешімдер қолданылды. Осыған ұқсас цифрлық форматтар музейлерге, театрларға және қоғамдық кеңістіктерге де енгізілді. Онда видео-аватарлар, LED-туннельдер және мультимедиялық инсталляциялар орналастырылды.
Бірқатар өңірлерде бұған дейін бұқаралық мәдени іс-шараларда қолданылмаған технологиялық шешімдер іске асты. Атап айтқанда, ұлттық тағамдарды дрондар арқылы жеткізу, роботтандырылған ұлттық ойындар (соның ішінде робот-көкпар), сондай-ақ интерактивті AI-аймақтар бар.
Сонымен қатар, білім беру және IT бағыты белсенді дамыды. Наурызнама аясында AI Nauryz, RoboShanyraq, хакатондар, GenAI Cup (стартап-питчинг), IT-форумдар, IT Quiz және стартап-презентациялар өтті. Drone Lab Наурыз жобасы, Baursaq Pitch стартаптар байқауы жүзеге асырылды. Сондай-ақ білім беру бастамалары қолға алынды: комикс жасауға арналған AI Bootcamp, оқушыларға арналған GameDev-хакатондар және «Robot күресі» робототехника турнирлері ұйымдастырылды.
Жобаның маңызды бөлігі — жоғары оқу орындары, музейлер және IT-хабтар арасындағы ынтымақтастық. Бұл әріптестік мәдени ортаға цифрлық форматтарды енгізуге және жастардың технологиялық құзыреттерін дамытуға бағытталды.
Жаңа модельді іске асыруда өңірлердің рөлі ерекше болды. Онда цифрлық күн тәртібі дәстүрлі мерекелік форматтармен үйлесімді түрде біріктірілді. Астана мен Алматыда AI-аймақтар, VR-кеңістіктер және роботтандырылған шешімдер ұсынылған ауқымды технологиялық алаңдар ұйымдастырылып, іс-шаралар жүздеген мың адамды қамтыды. Шымкентте IT-қоғамдастықты дамытуға басымдық беріліп, стартаптар мен құрастырушфлардың қатысуымен digital-meetup және технологиялық фестивальдер өткізілді.
Еліміздің басқа өңірлерінде де түрлі жаңа форматтағы шаралар өтті. Мысалы, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында «цифрлық киіз үйлер» ұйымдастырылса, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында AI-воркшоптар мен хакатондар өткізілді.
Ақтөбе облысында іс-шаралар ондаған мың адамды қамтып, мәдени және технологиялық бағыттарды қатар қамтыды. Ал Алматы облысында он күндік мереке кезінде қатысушылар саны жарты миллионнан асты.
Осылайша, Қазақстандағы Наурыз дәстүрлі мереке шеңберінен шығып, мәдениет, технология және қоғамды біріктіретін ауқымды платформаға айналуда. Жаңа модель ұлттық дәстүрлердің сақталып қана қоймай, цифрлық дәуірге бейімделе отырып, дами алатынын көрсетеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру