8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2026 576 0
Құттықтаймыз!

Аймақ басшысы ардагер журналист Роза Сыйықоваға сый-құрмет көрсетті

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, Теректі ауданының құрметті азаматы Роза Сыйықованы қабылдап, 70 жас мерейтойымен құттықтады.


Ұстаздар әулетінде тәрбиеленіп, білім мен тәрбие құндылықтарын бойына сіңірген Роза Сыйықова журналистика саласына саналы ғұмырын арнады. Ол 43 жыл бойы ақпарат кеңістігінде табанды еңбек етіп, кәсіби жолын Теректі аудандық газетінде бастады. Жауапкершілік пен іскерліктің арқасында түрлі қызмет сатыларынан өтіп, кейін облыстық Приуралье газетінің бас редакторы қызметіне дейін көтерілді.

Роза Сыйықова журналистика саласында көптеген жас маманның қалыптасуына ықпал етіп, шәкірт тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлді. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі жоғары бағаланып, «Қазақстанның құрметті журналисі» атағына ие болып, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Кездесуде өңір басшысы мерейтой иесінің ақпарат саласының дамуына, журналистиканың өркендеуіне қосқан өлшеусіз еңбегіне тоқталды. Сондай-ақ жас буынға үлгі боларлық еңбегі мен тәжірибесінің құндылығын ерекше атап өтіп, көпжылдық кәсіби қызметіне алғысын білдірді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Қаладағы құрылыс нысандары тұрақты бақылауда
07 Тамыз 2026
42 0
Ғылым
«АЭС: Инвестиция энергиясы»
05 Тамыз 2026
119 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»