8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Наурыз 2026 905 0
Қоғам

Оралда бопсалау мен тонау қылмыстарына қатысы бар күдіктілер ұсталды

Оралда бопсалау мен тонау қылмыстарына қатысы бар күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірқатар ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топты құрықтады.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер күш қолданамын деп қорқыту, сондай-ақ бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру қаупін төндіру арқылы бопсалау әрекеттерін жасаған. Соның нәтижесінде олар заңсыз түрде iPhone 15 Pro ұялы телефоны мен ақшалай қаражатты иемденген. Бұдан бөлек, кешкі уақытта Досмұхамедов көшесінде аталған тұлғалар 80 000 теңге көлеміндегі ақшаны ашық түрде жымқырғаны анықталды. Сондай-ақ күдіктілердің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Атап айтқанда олар ұялы телефондарды ұрлау және тонау деректері бойынша жауапқа тартылған. Қазіргі уақытта ұсталғандар Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
317 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
338 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
319 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
359 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»