8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Сәуір 2020 1775 0
Қоғам

БҚО-ДА 423,3 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Биыл Батыс Қазақстан облысында 423, 3 шақырымдық жолды жөндеу жоспарланған. Бұл үшін 26,2 млрд. теңге  қаражат бағытталып отыр. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарының үлесін 34 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.

БҚО әкімінің  орынбасары Теміржан Шәкімовтың мәліметінше, Елбасының тапсырмасын орындау бойынша жалпы ұзындығы 245 км құрайтын республикалық маңызы бар Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы, Өнеге-Бисен-Сайқын автомобиль жолдары учаскелерінде күрделі жөндеу бойынша жұмыстары жалғасады. Жеткілікті қаржыландыру болған жағдайда биыл 104 км жол жөнделеді.  Сонымен қатар, «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шекарасы» учаскесінің 35 шақырым жолын күрделі жөндеу аяқталады. 1,6 млрд. теңге қарастырылған қаражатқа Самара-Шымкент 214-250 км (36 км) жолын орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарында 22 жобаны іске асыру үшін 12,1 млрд. теңге қаражат қаралған. Дәлірек айтқанда. республикалық бюджеттен  – 7,4 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 4,7 млрд. теңге. Бұған қоса жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру күтілуде. Облыстық маңызы бар Бөрлі-Ақсай-Жымпиты 139-159 км, Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы 0-96 км автожолдар учаскілерін жөндеу жұмыстары жалғасады. Бәйтерек ауданындағы Быковка, Ембулатовка, Рубежка өзендері арқылы өтетін көпірді және Федоров-Ақсай автомобиль жолындағы 6 су өткізгіш құбырларын күрделі жөндеу жоспарланған.

Аудандық маңызы бар жолдар бойынша Ақжайық ауданындағы Жайық, Алғабас, Лбищенск кенттеріне кірме жолдарды күрделі жөндеу, Переметное-Цыганово, Переметное-Вечный, Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен (2-27 км учаскесі) автомобиль жолдарын, сондай-ақ Тоғанас (Сырым ауданы), Жаңабұлақ (Ақжайық ауданы), Мерей (Тасқала ауданы), Новопавловка (Теректі ауданы), Ұзынкөл (Жәнібек ауданы) ауылдарына кірме жолдарды орташа жөндеу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу бойынша 7 жоба іске асырылады.  Бәйтерек ауданының Переметное ауылында – бір жоба,  Тасқала ауданының Тасқала ауылында – төрт және Бөкей орда ауданының Сайқын ауылында – екі жоба жүзеге асырылады. Оған бюджеттен 3 461,8 млн. теңге қаражат бөлінген. Барлығы 36,4 км ауылішілік жол жөндеу жоспарлануда.

–  Жолдың сапасы бойынша республикадағы ең  нашар жол біздің облыстың аумағындағы жолдар. Қазіргі уақытта жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдың үлесі 31  пайыз болып отыр. Ал көршілес Ақтөбе облысында бұл жағдай 60 пайыздан жоғары, республиканың оңтүстігіндегі облыстарда жолдың сапасы 90 пайызға дейін жақсы және қанағаттанралық деңгейде. Әрине ондай деңгейге жету үшін қомақты қаржы керек. Әзрге  бөлінген қаржыға сай жұмыстар жасалуда. Биылға жоспарланған жобалар жүзеге асырылса, жолдың сапалық деңгейі 34  пайызға дейін көтеріледі деп күтіп отырмыз,  – деді Теміржан Әдиетұлы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
817 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»