8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2021 2085 0
Спорт

БҚО-ҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДИСПАНСЕРІ ҚАЖЕТ

Бүгін, 20 ақпан күні халықпен есептік кездесу кезінде  БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірде спорт саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады. Бұл саладағы маңызды мәселе – диспансерді ашу жөнінде  тиісті салаларға тапсырма берді. 

 

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, Жаңақала және Бөкей ордасы ауданында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 6 ауданда 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Осы жылы облысымызда Дариян, Тайпақ және Бұлдырты сияқты ірі ауылдарында спорт нысандарының құрылысы басталады.

Тұрғындардың спортқа қызығушылығын арттыру және жастарды спортқа тарту мақсатында өткен жылы бюджет және демеушілер есебінен 46 спорт алаңы салынды. Ал 2021 жылы облыс орталығында 20 көпбейінді спорт алаңын салу көзделіп отыр.

– Орал қаласында жеке кәсіпкерлердің белсенділігі қуантады. Олардың қаражатына 7 нысан ашылды. Аудандарды айтар болсақ, Бәйтерек ауданының Погодаево ауылында мәдени-спорттық кешен, Казталов ауданының Бостандық ауылында бокс залы және Жәнібек ауданында ат спорт мектебі ашылды, – деді Ғали Есқалиев.

Өңір спортшылары бокстан, үстел теннисінен, әйел күресінен және басқа да спорт түрлерінен жақсы нәтиже көрсетті. Облысқа  медициналық дене шынықтыру диспансері керек. Арнайы спорт диспансердің болмауы балаларды жастайынан қабілетіне қарай спорт түрлеріне бағыттауға, денсаулықтарын бақылауға және жасөспірімдердің даярлығына кері әсер етіп отыр. Осы ретте  облыс басшысы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасына мәселені шешуді  тапсырды.

Сондай-ақ Ғали Есқалиев адам ғұмырының өлшемі де тіршілігі де денсаулыққа байланысты екенін атап, пандемия кезінде  денсаулыққа  көңіл бөлудің  маңызын айтты.

– Спортпен шұғылдану үшін үлкен кешендерге, жаттығу залдарына бару міндетті емес. Бар болғаны спортты өмір салтымызға айналдыруымыз қажет. Ал кейде  бос уақытымыз той-томалақпен, ойын-сауықпен өтіп жатады. Өңірімізде кейінгі кезде той тойлайтын нысандардың ішінара спорт алаңдарына айналып жатқаны көңіл қуантады. Той тойлайтын заман емес, ой ойлайтын заманда денсаулыққа көңіл бөлгеніміз абзал, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»