8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2020 1600 0
Қалалықтар қаперіне

БӘЙТЕРЕКТЕ ХАЛАЛ АСХАНА АШЫЛДЫ

2017 жылы Батыс Базақстан облысы, Бәйтерек ауданында Мәуліт және Тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа-тұс жаңа мешіт ашылған болатын. Алла үйінің салынуына атсалысқан Ақжайық өңірінің тумасы, облыстық мәслихат депутаты Мұрат Жәкібаев.  Содан бері бос тұрған бұрынғы ескі мешіт ғимараты қасиетті жұмада Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының халал стандартына сай келетін асхана ретінде есігін айқара ашты. Бәйтерек аудандық мешітінің бас имамы Бағдат Шақаевтың бастамасымен 200 адамға арналған асхана іске қосылды.


Асхананың ашылу рәсіміне арнайы жайылған дастархан басында алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тастанұлы жиналған жұртты асхананың ашылуымен құттықтап, аудан халқының қажеті үшін осындай игі істі қолға алып жатқан жас болса да бас имам Бағдат Русланұлына шексіз алғысын жеткізді.
Ал Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының БҚО бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев ел игілігіне берілген асхананың тұсаукесеріне құтты болсын айтып, Орал медресесінің түлегі, көрші Тасқала ауданының тумасы, білімді азамат, аудандық мешітінің бас имамы Бағдат Шақаевтың еңбегін бағалап, имандық жұмысына сәттілік тілеп, халал тойлар мен игі қуаныштардың көп болуын тілеп, «Бірлік пен ынтымақ» жайында уағыз айтып, жиналғандардың сауалдарына жауап берді.
Бәйтерек ауданының тұрғыны Сәтім ата тұңғыш рет ашылып отырған халал стандартына сәйкес келетін асхананың ашылуына ұйтқы болған бас имам Бағдат Русланұлына ақжарма тілегін арнап, дастархан соңында дұға жасады.
Игі шараға облыстың имамдары, аудан әкімінің орынбасары Мұрат Дүйсенұлы мен елдің ақсақалдары мен имандары жастары қатысты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
359 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»