8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Наурыз 2020 1483 0
Қалалықтар қаперіне

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес, Бәйтерек ауданының әкімі лауазымына Тоқжанов Марат Лұқпанұлы тағайындалды.

Марат Тоқжанов 1965 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Білімі – жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясы мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі», «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 1990 жылы Сәтбаев қаласындағы мектеп-интернатының мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдары:

− Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының саяси тарих кафедрасының ассистенті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің археология институтының аға ғылыми қызметкері.

− Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, бөлім басшысы;

− ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мемлекеттік материалдық қор бойынша комитетінің бөлімінің басшысы;

− ҚР Әділет министрлігінің ішкі әкімшілендіру департаментінің бақылау бөлімінің басшысы;

− Теміртау қаласындағы әділет басқармасының басшысы;

− Орал қаласы әкімінің орынбасары;

− БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі;

− БҚО білім басқармасының басшысы, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы;

− БҚО әкімі аппаратының басшысы;

− БҚО әкімінің орынбасары;

− ҚР кәсіподақ ұйымдары федерациясы басшысының орынбасары болған.

Соңғы тағайындауына дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
362 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
447 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
504 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
516 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
566 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
305 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
790 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
818 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
768 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
719 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
763 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
946 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»