8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Маусым 2021 1805 0
Дені сау ұлт

БҮГІН – МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ

Маусым айының үшінші жексенбісі – ақ халатты абзал жандар үшін ерекше күн. Бүгін олардың төл мерекесі. Науқасты аман алып қалу үшін бар білімі мен біліктілігін сарп ететін жандар қашан да құрметке лайық. Әрі кейінгі екі жыл сала мамандары үшін күрделі жыл болып отыр. 

Елордада коронавирус індетіне қарсы күреске үлкен үлес қосқан медицина қызметкерлеріне арнап ескерткіш қойылды. Оның ашылу салтанатына Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. «Алтын жүрек» деп аталатын ескерткіш ақ халатты абзал жандарға деген халық алғысының бір белгісі ретінде  орнатылып отыр.  Мемлекет басшысы сондай-ақ «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері»  атағын беру туралы ұсыныс жасады. Материалдық сыйақы қоса беріледі. Оның көлемін Үкімет белгілемек.

*************************

Ақ халаттылардың кәсіби мерекесі қарсаңында БҚО басшысы Ғали Есқалиев  өңірдегі сала мамандарын құттықтап, сала үздіктеріне мемлекеттік наградаларды және алғыс хаттарды табыс етті. 

-Пандемия кезінде біздің облысымызда болған оқиға туралы айта кеткім келеді. Бір дəрігер маман індетке шалдыққандар арасында тыным көрместен, үйіне бармастан еңбек еткен.  Осы уақыт ішінде немерелі болса да Гиппократ антына адал болып, өз қызметін алдыңғы орынға қойып, науқастарды емдеген дəрігердің əрекеті мені ерекше толғандырды. Бұл бір ғана мысал. Осынау жайт медицина қызметкерлеріне үйреншікті болғанымен, басқаларға еңбектің ерекше үлгісі болып саналады, – деген облыс əкімі бұдан əрі өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытудағы жұмыстар туралы баяндады.

Медициналық қызметкерлердің бір тобы «Еңбек ардагері» белгісіне ие болды. Бірқатарына ҚР денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін төсбелгісі, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісі және облыс əкімінің алғысхаты табыс етілді. Сондай-ақ көптеген ақ халатты абзал жандар Орал қаласы əкімінің, ҚР денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен жəне «Сенім» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының республикалық қоғамдық бірлестігі атынан марапатын алды.

***************

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков облыстық көпбейінді ауруханаcына арнайы барып, ұжымды медицина қызметкерлері күнімен құттықтады. 

–  Әлемде қанша мамандық болса да, дәрігер мамандар қашанда құрметке ие. Бәрімізге белгілі ақ халатты абзал жандар жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, өз мамандықтарына адалдықпен қарап, науқастардың өмірге деген құлшынысын арттырып,ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалап келеді. Пандемия кезінде сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен көзсіз батырлықтарыңыздың арқасында көп қиындықтарды еңсере білдік. Сіздердің елеулі істеріңіз бен антқа деген адалдықтарыңыз халқымыздың денсаулығын жақсартуға үлес қосты.Сіздерге алдыңғы кезекте денсаулық, амандық және игі істеріңізге табыс тілеймін, – деді Абат Абайұлы.

zhaikuni.kz

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»